Жасымықты күтіп-баптаудың қорүнемдеуші технологиясы


Өсімдіктерді қорғау / Жобалар
Қысқаша сипаттамасы: арамшөптердің көп мөлшерде қаулап шығуы дақылдың өсіп-өнуіне кері әсерін тигізеді; арамшөп ылғалды, топырақ құрамындағы қоректік заттарды өзіне көп мөлшерде тартып алып, соның салдарынан жасымықтан алынатын өнім кемиді. Жасымықты күтіп-баптау барысындағы қорүнемдеуші технология ретінде «Clearfield» жүйесі пайдаланылуы мүмкін, бұл арамшөптердің қаулап шығуынан құтқарып, өнімділік көрсеткішін арттырады. «Clearfield» жүйесі пайдаланылған жағдайда, күтіп-баптаудың дәстүрлі әдісімен салыстырғанда, өнімділік көрсеткіші гектарына 4,3 центнерге жоғарылайды.

Қолданылатын саласы, бәсекеге қабілеттілігі, патенті: қолданылатын саласы — ауыл шаруашылығы.

Іс жүзінде қолдануға әзірлігі: 100 пайыз.

Енгізу көлемі: бастапқыда — 400 га, кейіннен бірте-бірте ұлғайту көзделеді.

Техникалық-экономикалық көрсеткіштері: «Clearfield» жүйесі арамшөптерді азайтып, жасымықтың өнімділігін 23 пайызға арттыруға септігін тигізеді.

Жобаны табыстаудың шарттары мен әдістері, әріптестік жолдары: келісім негізінде.

Жобаның авторлары, мекен-жай, факс, электронды пошта: Ю.А. Похоруков, А.В. Вернер. «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Научный ауылы, Бараев көшесі, 1. Тел./ факс: (8-71631)23-0-29, 23-0-32, e-mail:tsenter-zerna@mail.ru.
скачать dle 12.0
1 817 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх