2024–2026 жылдарға арналған «Қазақстанның әртүрлі топырақ және климат аймақтарында өзгермелі климат жағдайында үнемді ауылшаруашылық өндірісін қамтамасыз ететін тұрақты егіншілік жүйелерін әзірлеу және енгізу» бағдарламасы
Орталық туралы / Жобалар

2024–2026 жылдарға арналған «Қазақстанның әртүрлі топырақ және климат аймақтарында өзгермелі климат жағдайында үнемді ауылшаруашылық өндірісін қамтамасыз ететін тұрақты егіншілік жүйелерін әзірлеу және енгізу» бағдарламасы аясында 2025 жылға арналған зерттеудің негізгі нәтижелері туралы ақпарат
Ғылыми зерттеулер және ғылыми-өндірістік сынақтар еліміздің әр түрлі топырақ-климаттық аймақтарында жүргізілді. Зерттеудің негізгі бағыттары әр аймақтың табиғи факторларын және өндірістік өзектілігін ескере отырып, климатқа бағытталған топырақ-, ресурсүнемдегіш егіншілік жүйелерін құрастыруға негізделді.
Зерттеулерге топырақтың деградациясын бақылау, топырақты өңдеуді қысқарту, қалпына келтіретін егіншілік қағидаттары, нақты егіншілікке негізделген қорларды үнемдейтін қоректену және өсімдіктерді қорғау режимдері, минералды және биологиялық тыңайтқыштардың қатты және сұйық түрлерін мақсатты қолдану, өсімдіктердің өсуі мен дамуын ынталандырушылар, жабынды дақылдарды пайдалану, ауыспалы егістер мен агробиоалуантүрлілікті әртараптандыру, "ақылды суару" қағидаттары бойынша суарудың жаңа әдістері негізіндегі климаттың өзгеруін бағалау мен талдау, жер пайдалану тәжірибесінің тұрақты қарқындылығы кіреді.
Жүргізілген талдаулар топырақ климаттық аймақтарға байланысты жаздық жұмсақ бидай өнімділігі мен ылғалдылық коэффициенті, гидротермиялық көрсеткіштер арасындағы корреляциялық байланыстың жоғары дәрежесін көрсетеді.
Елдің агроэкологиялық аймақтарына байланысты ғылыми негізделген егіншілік жүйелерін әзірлеу және қолдану құрғақшылықтың әсерін азайтуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігінің тұрақсыздығын төмендетуге, өсімдік шаруашылығының климаттың өзгеруіне төзімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Талдаулар көрсеткендей, Қазақстан аумағында 2025 жылдың вегетациялық кезеңінде Қазақстанның солтүстігінде ауыл шаруашылығы дақылдары вегетациясының екінші жартысында салыстырмалы түрде салқын және жаңбырлы ауа райы, батысында – орташа құрғақ, ал республиканың оңтүстігінде – ыстық және қатты құрғақ ауа райы қалыптасты.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуі мен дамуы үшін Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында қолайлы ауа райы жағдайлары қалыптасты, Павлодар облысында салыстырмалы түрде қолайлы, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында салыстырмалы түрде қолайсыз (орташа құрғақшылық), Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында өте қолайсыз (қатты құрғақшылық пен ыстық).
Алдын ала нәтижелер астық, бұршақ дақылдары, майлы дақылдарды қосатын әртараптандырылған ауыспалы егістер экономикалық тұрғыдан тиімді болып табылатынын көрсетеді. Ауыспалы егіс алқабының бірлігінен жалпы астықтың ең көп шығымдылығын дәнді ауыспалы егіс сұлы, бидай, бидай, арпа қамтамасыз етті - 17,7 ц/га. Ең жоғары қаржылық табыс жеміс алмаспалы ауыспалы егісте қамтамасыз етілді. Бидай дәнінің ең жоғары шығымдылығын жаздық бидайды бір орында тұрақты себу қамтамасыз етті. Егістердің құрылымын таңдау ауылшаруашылық құрылымдарының мамандануына байланысты болды.
- Жаздық жұмсақ бидайды дәнді сүрі танапты ауыспалы егісте тікелей себу жүйесі бойынша өсіргенде сүр танабынан кейін өнімділігі - 35,5 ц/га құрады, ал сабанды алғы дақылдардан кейін - 29,3-30,3 ц/га аралығында қалыптасты. Сабанды алғы дақылдардан кейін орналасқан жаздық жұмсақ бидайдың өнімділігі ауыспалы егістегі орынына қарамастан бір деңгейде болды (29-3-30,3 ц/га). Жасымық дақылын өсіру рентабельділігі бидайға қарағанда жоғары. Бидай мен жасымықтың 1 тоннаға шаққандағы өзіндік құны 26,0 мың теңгені құрады. Басқа дақылдардың өзіндік құны бидай мен жасымықпен салыстырғанда жоғары.
- Қостанай облысы жағдайында механикалық құрамы бойынша жеңіл кәдімгі қара топырақтарда зығыр өнімділігі сүрі танабынан кейін де сабанды алғы дақылдардан кейін де орналастырғанда бір деңгейде қалыптасады.Жаздық жұмсақ бидайдың ең жоғары өнімділігі асбұршақ дақылынан кейін – 35,4 ц/га, соя дақылынан кейін - 36,1 ц/га және жасымық дақылынан кейін қалыптасты. Жаздық жұмсақ бидайдың өнімділігі No-Till (тікелей себу) жүйесін және минималды топырақ өңдеу жүйесін қолданғанда бір деңгейде болған. Рентабельділіктің жоғары деңгейін «күнбағыс-бидай-асбұршақ-қатты бидай-зығыр-бидай» ауыспалы егістігі көрсетті - 213,4%. 1 гектардан түсетін таза пайда 220848 тг құрады. Рентабельділік көрсеткішінің төменгі деңгейі дәнді дақылдар үлесі жоғары дәнді сүрі танапты аусыпалы егістерде алынды.
- Топырақтың су эрозиясы өршіп келеді. Арнайы зерттеулер (солтүстік экспозицияның жер пайдалану мысалында) бір танаптағы барлық су ағындарының /сайлардың жалпы ұзындығы 38 км-ге жететінін көрсетеді. 2,4 мың гектар аумақта су ағындарының саны 230 данаға жетуі мүмкін, су ағындарының / сайлардың жалпы ұзындығы 190 км-ге дейін. Эрозияға қарсы шараларды әзірлеу үшін су ағындарының желісін анықтау кезінде ГАЖ технологияларын және қашықтықтан зондтауды пайдалану ішкі шаруашылық жұмыстарын жоспарлауға және бағалауға мүмкіндік берді. 3D дизайнын пайдалану шайылған топырақтың көлемі мен ауданын есептеу дәлдігін арттырды.
- Әзірленген спектрлік карталар ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен жер бедері арасындағы байланысты орнатуға мүмкіндік берді. Рельефке, климатқа байланысты егістіктердегі топырақтың құнарлылығы бойынша кеңістіктік әртүрлілігі анықталды. Беткейлердің тіктігі, экспозициясы, рельефі, топырақ түзуші жыныстары, топырақтың гранулометриялық құрамы, топырақ айырмашылығының карталары, құнарлылығының сандық карталары бастапқы ақпарат болып табылады және ауыл шаруашылығы өнімдерін тұрақты өндіру үшін адаптивті-ландшафттық технологияларды әзірлеуге мүмкіндік берді.
- Түркістан облысы жағдайында топырақтың сортаңдануы мәселелері өзекті болып отыр, жерді рекультивациялау кезінде топырақты негізгі өңдеуге 3,5 тонна/га дозада биомелиорантты және 350 кг/га топырақжақсартқышты қолдану және көктемде0,5 т/га нормада органо-биомелиорантты және 50 кг/га топырақты жақсартқышты чизельдей барысында еңгізу отандық мақта сорты "Мақтаарал 5027" өнімділігін 33,2 ц/га дейін арттырды және топырақтағы көмірсулардың құрамын жақсартты.
- Қазақстанның оңтүстігінде ашық-қоңыр топырақтарында топырақ құнарлылығының әртүрлілігі мен ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі арасындағы тәуелділік анықталды. Гумустың құрамы мен сілтілі гидролизденетін азот арасындағы корреляция коэффициенті 0,92 құрады, детерминация коэффициенті 85%. Алматы облысы Жамбыл ауданының "Светлана" фермерлік шаруашылығындағы 30 га алаңда "Mavic 3 Multispectral" DJI ұшқышсыз ұшу аппаратымен аэрофототүсірілімді пайдалана отырып өндірістік тексеру биомассасы төмендеген және өсімдіктер дамуының әртүрлілігі бар аймақтарды іс жүзінде анықтауға мүмкіндік берді. Бұл нақты шешімдер қабылдау үшін ылғал мен қоректік заттардың жетіспеушілігімен байланысты мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді.
- Ауыл шаруашылығы дақылдарының вегетациялық кезеңінде қалыптасқан ауа райы жағдайында табиғи факторлар 05 мамырдан 20 мамырға дейін оңтайлы себу мерзімінде жаздық бидайды себу кезінде тиімдірек пайдаланылады. Бұл жағдайда ең жақсы сапалы астық қалыптасады. Кеш себу мерзімі аурулардың дамуына және астық сапасының төмендеуіне әкелді. Ауа-райының сенімді болжамдары болған кезде, ертерек себу ұйымдастырушылық тұрғыдан да, профилактикалық және практикалық технологиялық шешімдер қабылдау тұрғысынан да тиімді.
- Себу мерзімі күнбағыс өнімділігінің қалыптасуына айтарлықтай әсер етеді. Күнбағыстың максималды өнімділігі 10-15 мамырда себу кезінде қалыптасты – 31,3 – 32,24 ц/га, бұл бақылаудан - 6,05 ц/га артық (5 мамыр - 26,19 ц/га).
- Солтүстік Қазақстан жағдайлары үшін зығырды жинаудың ең тиімді тәсілі ең аз шығынмен тұрақты өнімділік пен тұқымның жоғары сапасын қамтамасыз ететін десикация мен 5 тәуліктен кейін жинап алатын дестеге шабу болып табылды.
- Атмосфералық жауын-шашынмен қамтамасыз етілген дәстүрлі топырақты өңдеу жүйесінде минералды тыңайтқыш енгізілмеген нұсқада жаздық жұмсақ бидайдың өнімділігі 32,3-38,6 ц/га құрады. Аммофос енгізілген нұсқада (қатарға себу кезінде Р20 және сүрі алқабында Р60) бидай өнімділігі 20-дан 22%-ға дейін арттырды. Алғы дақыл аңыз сабағына аммофоспен аммиак селитрасын енгізгенде бидай өнімділігі 40,3-42,5 ц/га жоғарылады. Жеміс алмастыру ауыспалы егіс жүйесінде аммофос (P) және аммиак селитрасын енгізу бидай дәнінің өнімділігін 46,0-46,1 ц/га дейін арттырды. Қосымша аммофоспен топырақ диагностикасы бойынша аммиак селитрасын енгізу және бидайдың максималды өнімділігін 42,2-47,0 ц/га қамтамасыз етті.
- Солтүстік Қазақстан облысының қара топырағы жағдайында жоғары рентабельділікті жеміс алмастыру ауыспалы егіс жүйесінде қамтамасыз етеді, бұл майлы және бұршақ дақылдарының жоғары сатып алу бағасымен байланысты. Жеміс алмастыру ауыспалы егістің рентабельділігі 39,0% және одан жоғары.
- Ақмола облысы жағдайында топырақтың механикалық құрамы ауыр қара топырағында жаздық бидайдың өнімділік әлеуеті No-Till жүйесі және топырақты өңдеудің минималды жүйесі кезінде жоғары сапамен 42,5 ц/га жетті. Жеміс алмастыру ауыспалы егіс жүйесінде алғы дақыл аңыз сабағында жаздық бидайдың өнімділігі (жасымық пен асбұршақтан кейін) сүрі танабы бойынша жаздық бидайдың өнімділігінен кем түспейді, 39,0-40,0 ц/га деңгейінде қалыптасты. Топырақты қоректендірудің, өсімдіктерді зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғаудың оңтайлы деңгейлерін сақтау барысында бидайды ауысымсыз себудің өнімділігі тікелей себу және топырақты өңдеу мен себудің минималды жүйесі кезінде 34-36 ц/га деңгейінде қалыптасты.
- Ылғалдандыру бойынша қолайлы жағдайларда зығыр мен асбұршақ дақылдарының өнімділігі аммофосты (қатарға себу кезінде Р20 немесе сүрі алқабына Р60) дәстүрлі өңдеу кезінде 13,4 ц/га дейін және жеміс алмастыру ауыспалы егіс жүйесінде 14,6 ц/га дейін және No-Till жүйесінде 16,2-16,7 ц/га дейін жоғарылады.
- Оңтүстік Қазақстан облысының егіншілік жағдайында топырақты өңдеудің минималды жүйесі бойынша мақсары өсіру экономикалық тұрғыдан тиімді. Күздік бидайды өсіру кезінде жеміс алмастыру ауыспалы егіс буынында экономикалық тиімділіктің ең жақсы нәтижелері тікелей себу кезінде қамтамасыз етілді, шартты таза кіріс көрсеткіші бір гектардан 71,8 мың теңге, астықтың өзіндік құны 5797 теңге/ц. топырақ өңдеуді 8-12 см тереңдікке дейін азайту кезінде шартты таза кіріс мөлшері 51,7 мың теңге/га құрады, астықтың өзіндік құны 6929 теңге/ц дейін өсті.
- Алдын ала зерттеулердің нәтижелері оқшауланған саңырауқұлақтардың негізгі көздері: 50% жағдайда топырақта (10 штамм), 20% жағдайда ауылшаруашылық өсімдіктерінің тамырында, дәнді және бұршақты дақылдардың тұқымдарында және 15% жағдайда зардап шеккен бидай жапырақтарында кездеседі. Ағымдағы жылы тұқым материалының фитопатологиялық зертханалық талдауы Fusarium ssp тұқымдасының саңырауқұлақ инфекциясы (0,5-4,7%), Bipolarius (9,0 -24,0%),Alternaria ssp. (6,0-11,0%), Aspergillus (1,0-14,0%), Penicillium (2,0-20,0%) және бактериялық экссудат (0,6-4,0%) жоғары дәрежесін көрсетті. Тікелей себу жүйесі бойынша жаздық бидай өсімдіктеріне дәстүрлі және минималды жүйелермен салыстырғанда дәнді дақылдардан кейін себу кезінде тамыр шірік ауруы көбірек әсер етті. Жасымық және басқа дақылдарды өсіру кезінде астықтың жолақты және сабақты бүргелері, сым құрттары мен жалған сым құрттары және басқа да топырақта тіршілік ететін зиянкестер (сым құрттары), жаздық бидай мен арпадағы астықтың жолақты бүргелері (жапырақ бетінде) және сабақ бүргелері зақымдануы топырақты өңдеу жүйелеріне тәуелсіз болды.
-Тікелей себу жүйесінде (No-Till) жаздық бидай өсімдіктері минималды және дәстүрлі өңдеу жүйелерімен салыстырғанда септориозды-гельминтоспориозды дақтарынан қатты зардап шегеді. Тұқымдар мен дақылдарды аурулар мен зиянкестерге қарсы препараттармен өңдеу шығындары, мысалы, жаздық бидай, сәйкесінше 0,65 – 2,5 есе ақталады.
- Химиялық тыңайтқыштардың орнына егіншілікті биологияландыру үшін сүрі танабында сұлы мен бұршақ қоспасын пайдаланған кезде жаздық бидайдың өнімділігі 16,9 ц/га дейін артады. Жаздық бидай дәнінің өнімділігі мен сапасы дәстүрлі жазық тілгіш және химиялық сүрі танабына қарағанда сидератты қоспаларының әртүрлі компоненттерімен және оларды дайындау әдістерімен салыстырғанда жоғары. Төмен минералдану коэффициенті 1,2-1,9 бірлік (Кmin) асбұршақ пен қыша сидератты қоспасының егістіктерінде топырақ саңылауларын қолдана отырып дискілеу және шабу кезінде байқалады.
- Сүрі танабында әртүрлі сидератты қоспаларын өсіру келесі жылы топырақтағы нитрат азотының мөлшерін 6,0 – 6,6 мг/кг-ға дейін арттырады, бұл дәстүрлі және химиялық әдіспен дайындалған сүрі алқабында бидай себумен салыстырғанда жоғары. Бұршақ-дәнді қоспалар (бұршақ +сұлы) және дәнді-майлы қоспалар (сұлы +қыша) фосфор қышқылының жиналуына оң әсер етеді, бұл үлкен биомассаның жиналуымен байланысты. Бұршақ пен сұлы қосылған бұршақ-жарма қоспасын өсіру кезінде топырақтың көміртегі мөлшері 1,51% - ға артады. Сидерат қоспаларынан кейін өсірілген бидай дақылдарында С:N қатынасы 7,8-9,4 құрайды, бұл қара шіріндінің азотпен қанығуының орташа деңгейін көрсетеді. Минералды тыңайтқыштарды қолдану топырақтың көміртегі құрамына айтарлықтай өзгеріс әкелмейді. No-Till жүйесінде көміртегі мөлшері дәстүрлі технологияға (1,56%) қарағанда біршама жоғары (1,64%).
- Алматы облысының cұр топырақтарында арпа дәнінің ең жоғары өнімділігі N₆₀P₆₀ + "Берес Амино Макс" өсу стимуляторын енгізумен ұштастыра отырып, топырақты 8-10 см тереңдікке дискілеу кезінде астық өнімі 24,9 ц/га құрады. Арпаның төменгі өнімділігі тыңайтқыш енгізілмеген топырақты жазықтілгішпен өңделген нұсқада 11,1 ц/га жәнеN₆₀P₆₀ + "Берес Амино Макс" өсу стимуляторын енгізу арпаның өнімділігін 16,0 ц/га дейін арттырады. Тікелей себу кезінде арпаның өнімділігі жер жырту мен дискке қарағанда төмен және 14,9-дан 18,6 ц/га-ға дейін өзгереді.
-Алматы облысының суармалы аймағы жағдайында суарудың неғұрлым үнемді тәсілдері тамшылатып суару және жер қойнауын тамшылатып суару болып табылады, бұл басқа суару әдістерімен салыстырғанда дақылдардың өнімділігін 11,4-17,8%-ға арттырды. Биомассаның жинақталу қарқындылығы және қарақұмық дақылдарының ең жоғары өнімділігі 13,3 ц/га ұсақ дисперсті суару кезінде топырақты өңдеудің дәстүрлі технологиясымен және қарапайым себу әдісімен (15 см) үйлеседі. Жер қойнауын суару құрғақ жылдары тиімді. Жамбыл облысы Меркі ауданының "Жылыбұлақ-Мерке" ЖШС – нің егістіктеріндегі ғылыми-өндірістік сынақтар шығындарды 50-60%-ға қысқартуға, суармалы суды 2-3 есе үнемдеуге, арамшөптер санын 30-50%-ға азайтуға, механикалық және қол жұмыстарын қысқартуға мүмкіндік берді. Жер қойнауын тамшылатып суару кезінде қант қызылшасының өнімі - 690 ц/га, жаңбырлатып суару кезінде жоңышқа-961 ц/га жасыл масса алынды.
Тәжірибелік, базалық шаруашылықтарда, атап айтқанда Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық жағдайларында нақты өндіріс жағдайында ғылыми-өндірістік және бейімдеу жұмыстар жүргізілді. 20 фермер қожалығы мен ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарының базасында ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін басқарудың жаңа технологиялары мен рентабельді әдістері, "Ақылды суару" қағидаттарында суарудың жаңа әдістері негізінде жергілікті топырақ-климаттық жағдайларға бейімделу бойынша ғылыми-өндірістік сынақтар, трансферт өткізілді.
Теориялық тұрғыдан қолданбалы ғылым мен егіншілік жүйелерін жетілдіру үшін «климат-топырақ-өсімдік» ортасындағы жаңа, бастапқы заңдылықтар алынды.
Ұлттық ауқымда-табиғи және мәдени агроценоздарды, климаттық өзгерістерді ұтымды пайдаланудағы жаңа стратегиялар мен басымдықтар табиғи және климаттық әлеуетті тиімді және өнімді пайдаланудың, топырақтың денсаулығын сақтаудың, топырақтың деградациясын бақылаудың, ауа-райының өзгеруінің теріс әсерін азайтудың, ауа-райына тәуелділікті азайтудың ғылыми негізі болып табылады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің климатқа бағдарланған, топырақ-ресурстарды үнемдейтін жүйелерінің әзірленіп жатқан қағидаттары тұрақты, климатты оңтайландырылған өсіру жүйелерін одан әрі жетілдірудің негізі болып табылады. Өсірудің өзіндік құны төмен тұрақты, климатқа бағдарланған егіншілік жүйелерін әзірлеу, ақпараттық технологиялар элементтерін, заманауи ауылшаруашылық машиналары мен аспаптық құралдарды қолдану, интенсификацияны экологияландыру басым болып табылады.




















