«Шортандылық 95 жақсартылған» жаздық бидай сұрпы


Рекомендации / Селекция
Сұрып авторлары: Ермилов А.С., Оковитая Р.Н., Бабкенов А.Т., Ремхен В., Шелаева Т.В., Коберницкий В.И.

Бұл сұрып сатылы будандастыру әдісі бойынша шығарылып, [(Пиротрикс 28 х Джастин) х Целинная 21] х (Целинная 60 х Лютесценс 57/76) будандық популяциядан жаппай іріктелді. Лютесценстің бір түрі. Дәні – ірі жұмыртқа, қызыл, шыны тәрізді.


Сұрып орташа кеш мерзімде пісетін типке жатады, өсіп-өну кезеңі 95-100 күн. Шортандылық 95 жақсартылған сұрпы шаруашылық-бағалылық белгілер кешенге ие, атап айтқанда: жоғары өнімді, құрғақшылыққа тұрақты, ылғалмен қамтылған агрофонға бейімді, Целинная юбилейная стандартының деңгейінде аурулар мен зиянкестерге төзімді.

Жапырағының жақсы дамитындығы және сабағының берік болуымен ерекшеленеді. Максималды өнімділік 42ц/га-ны құрады.


Құлап қалуға, дәннің төгілуіне, сынуға және иілуге берік. Пар бойынша конкурстық сұрыптық сынақта 27,9 ц/га өнімділікпен Целинная юбилейная сұрпынан 2,9 ц/га-ға артық түсті.


Солтүстік Қазақстан тәжірибелік станциясының мәліметтері бойынша, Шортандинский 95 жақсартылған сұрпын парға сепкен жағдайдағы шығымдылық 23,3 ц/га-ны құрады, бұл Омская 19 стандартына қарағанда 1,7 ц/га-ға жоғары. Аталған сұрып келесідей сапа көрсеткіштеріне ие: натурасы –808г/л, шынытәрізділігі – 83%, 1000 дәннің массасы – 39,2 г, дәнмаңыздың құрамы – 32,2%, ақуыз - 15,7%; ұнның қуаты – 315 е.а., жалпы наубайлық бағасы 4,6 балл; стандартта – 808 г/л., 69%, 35,4 г, 29,6%, 14,3%, 300 е.а., 4,5 балл сәйкесінше.


Дәннің сапа көрсеткіштері бойынша сұрыптың стандартқа қарағанда ірілігі, шынытәрізділігі, ақуыздың және дәнмаңыздың құрамы, ұнның қуаты, қамырдың сұйылуы, валориметрикалық бағалауға бойынша артықшылықтарға ие. Оның барлығы 1000 дәннің жоғары массалығы арқасында мүмкін болып отыр. Шортандылық 95 жақсартылған сұрпынан 70% артық ұн шығады.


2006 жылдан бастап Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.

скачать dle 12.0
1 397 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх