«Астана 2» жаздық бидай сұрпы


Ұсыныстар / Селекция

Авторлары: Мовчан В.К., Мұрзағалин И.Х., Шек Г.О.


Астана 2 сұрпы {[(ВИР – 264-2 х Целинная юбилейная) х Целинная юбилейная] х Целинная юбилейная} х Целинная юбилейная сұрыптарын әрі қарай жеке іріктей отырып будандастыру кезінде түрішілік будандастыру әдісімен шығарылды. Лютесценс көптүрлілігіне жатады.
Сұрыптың өсіп өну ұзақтығы жағынан орташа кезеңде пісіп, Ақмола 2 стандарты деңгейінде жетіледі. Таза парбойынша сұрыптың өнімділігі конкурстық сұрыптық сынақта 25,9 ц/га-ны құрап, Ақмола 2 стандартынан 1,5 ц/га-ға асып түсті. Ақмола 2-нің14,4 ц/га өнімділігі деңгейінде өндірістік сынақта Астана 2 1,7 ц/га-ға артып түсті. Сұрып бойынша максималды өнімділік 35,0 ц/га-ны құрады.

Ақмола 2 сұрпынмен салыстырғанда Астана 2 сұрпы үлкен өнімділікті негізінен жоғары өнімді түптіліктің есебінен 1,9-ға жетеді, масақтың дәндік өнімділігі 0,86 г, ал Ақмола 2 сұрпында ол 1,7 және 0,83-ті құрайды.

Ақмола облысының «Достық-06» ЖШС-дағы экологиялық сынақ мәліметтеріне сүйенсек, Астана 2 сұрпы өнімділігі жағынан Ақмола 2 стандартынан 2,2 ц/га-ға артық түсіп, осылайша 19,7 ц/га өнімділікке жетті.


Ақмола облысының «Есіл-Агро» ЖШС-ында, Астана 2-нің өнімділігі 19,0 ц/га-ны құрап, Ақмола 2 стандарынан 2,3 ц/га-ға артық болды.

Астана 2 сұрпы құрай және сабақ татына, сабақ ішінде болатын зиянкестерге төзімділігі жағынан стандарт деңгейіне тең және қаракүйеге төзімділік жағынан салыстырмалы түрде алғанда артықшылыққа ие.

Ақмола 2 сұрпымен салыстырғанда бұл сұрыптың басты артықшылықтары: жығылып қалмайды, жоғары өнімділікке ие, қаракүйеге салыстырмалы түрде алғанда төзімді.

Астана 2 сұрпы 2008 жылдан бері Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандастырылса, 2010 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы бойынша пайдалануға рұқсат етілген.

скачать dle 12.0
1 143 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх