Эрвин Францевич Госсен
Тарих беттері
1931 жылы 18 шілдеде Украинаның Днепропетров облысының Молочан ауданына қарасты Вальтейгм селосында туған. Э.Ф.Госсен – академик, Ленин сыйлығының лауреаты, ҚР Ұлттық ғылым академиясы ақсақалдарды кеңесінің мүшесі, егіншілік және аграрлық ғылымды ұйымдастыру саласындағы беделді ғалым.
Э.Ф.Госсен 50 жылдан бері ғылыммен айнылысып келеді. Ауыл шаруашылығы саласында қол жеткізген жетістіктерінатап айтар болсақ: жаңа топырақ өңдегіш құралдар мен тұқым себетін машиналарға зерттеулер жүргізіп, агротехникалық талаптарды құрастыруға жетекшілік етті, топырақты эрозиядан қорғау проблемаларымен шұғылданды. Академик Э.Ф.Госсеннің 2005 жылдан бергі жұмыстарына қоршаған ортаны қорғау және табиғатта тепе-теңдікті қалпына келтіруге ықпал ететін экологиялық заңдарды сақтай отырып белгілі бір өндірісті ұйымдастырудың технологиясы мен әдістерін өзгертумен сипатталатын инновация тән. Экономиканың басымдыққа ие салаларын талдау негізінде, оларға тұрақты дамуға ықпал ететін халықаралық және қазақстандық кластерлерді ұйымдастыру, оларды басқару деңгейі бойынша саралау жөнінде ұсыныстарәзірледі. Академик Э.Госсен «Астана – Бурабай» орманмелиоративтік ландшафттық-сауықтыру аймағын құруда ерекше жұмыс атқарды.
Ол 200-ге жуық ғылыми мақала жазып, өз еңбектерінде экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыру, елде тұрақтылықты сақтау, елдің адал азаматы болуға және патриоттыққа тәрбиелеу, ұлтаралық жне конфессиялар арасында келісімді нығайту жайын арқау етті.
Э.Ф.Госсен талай жылғы қажырлы еңбегі үшін «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», КСРО ХШЖК алтын және қола медальдері, «Адал еңбегі үшін» мерейтойлық медалі, Ленин сыйлығының лауреатының алтын медалі мен атағы, тың және тыңайған жерді игеру құрметіне төсбелгілер,«Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту», «Достық», «Отан» ордендері; «Қалмық Республикасының 50 жылдығы», С.И.Вавилов атындағы, «Еңбек ардагері», «Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 60 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Академик А.И.Бараевтың 100 жылдығы», «Ұлы Отан соғысындағы жеңіске65 жыл», «Қазақ КСРЖоғарғы Кеңесінің Президиумы, Бурятия ауыл шаруашылығы министрлігі, «Знание» Бүкілодақтық қоғамы, «Агитатор Казахстана» журналы, Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының 50 жылдығына байланысты Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Ғылым министрлігі алқасының грамоталарымен марапатталған.