Мехлис Қасымұлы Сүлейменов
Тарих беттері
Мехлис ҚасымұлыСүлейменов 1939 жылы 1 наурызда Қарағанды қаласында туған. Әлемге аты белгілі аграршы-ғалым, ҚР ҰҒА академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, РАШҒА академигі,Қазақстан Республикасы Бейбітшілік және рухани келісім Президенттік сыйлығының тұңғыш лауреаты. Ол Солтүстік Қазақстанның алқап шаруашылығына топырақты тұқым себердің алдында өңдеу, жаздық бидайдың тиімді құнарлық аумақтары, астық дақылдарын өсірудің қарқынды технологияларының негіздерін әзірлеп, енгізген. Тұқым айналымы бойынша көпжылдық зерттеулерді талдаудың негізінде М.К.Сүлейменовалқаптық тұқым айналымының теориясы мен практикасына тың бағыт әкелді. Ең бастысы, егіншілікті таза парсыз жүргізу мүмкіндігі дәлелденді.
М.Қ. Сүлейменов егіншілік ғылымында жаңа бағытты әзірлеп, Қазақстанда ғалымдардың мектебін қалыптастыра білді. Олар ширек ғасырдан бері егіншіліктің жинақтаушы дәндік-тұқымдық жүйесін жетілдірумен табысты жұмыс істеп келеді. Аталмыш егіншілік жүйесіастық, дәнді бұршақ, майлы және жемазықтық дақылдардың тұрақты түрде зор өндірісіне қол жеткізу үшін топырақтың құнарлылығын арттыру бойынша егіншілік жүйесінің басты міндетін орындауға мүмкіндік береді. М.Қ.Сүлейменов қазіргі заманғы бағытта ресурсты үнемдеуші егіншілікті дамытуда көшбасшы болып табылады.
М.Қ.Сүлейменов – егіншілік саласы бойынша көптеген халықаралық ғылыми форумдардың басшылық органдарына сайланған ТМД-дағы тұңғыш ғалым. Мәселен, ол Халықаралық өсімдік шаруашылығы конгресінің тұрақты комитет мүшесі (1992-1996), Астық жөніндегі Халықаралық конференцияның басшылық комитеті мүшесі (1996), ЭЫДҰ жанындағы сарапшылық тобының мүшесі (1995-1998), Қуаң жерлердің болашағы жөніндегі Халықаралық конференцияның ғылыми кеңесі мүшесі (2006), ИСТРО топырақты өңдеу жөніндегі Халықаралық зерттеулер ұйымының бюро мүшесі (2006-2012) болды.
Академик М.Қ. Сүлейменов Қазақстан, Ресей, ОАР елдерінің жас ғалымдары арасынан 13 ғылым кандидатын дайындап шығарған. Ол сондай-ақ 12 кітап пен монографияның, 200-ден астам ғылыми жұмыстың авторы. Соңғы жылдары америкалық ғалымдардың шақыртуы бойынша шетелде бірнеше ірі жұмысын көпшілікке таныстырды. М.Қ.Сүлейменов ғылымды дәріптеуші ғалым ретінде аты мәлім
М.Қ.Сүлейменов – Қазақстан Республикасының белді қоғам қайраткері. Екі мәрте ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстанның КП ОК мүшесі, «Білім» Бүкілодақтық қоғамы басқармасының мүшесі болды. Ол Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» және «Халықтар достығы» ордендерімен, «Парасат» орденімен, Кеңес Одағының 3 медалімен және «Астана» медалімен марапатталған. 1992 жылы М.Қ.СүлейменовҚазақстан Республикасы Бейбітшілік және рухани келісім Президенттік сыйлығының тұңғыш лауреаты атанды, М.Қ.Сүлейменовтың халықтар достығын және халықаралық ынтымақтастықты нығайту ісінде атқарған еңбегі кеңінен таныс.

1 335 -рет қаралды