"Шортандылық рубин" - құмдақ эспарцет


Ұсыныстар / Селекция
Сорт авторлары: Е.И. Парсаев, Т.М. Коберницкая, Б.К. Канафин, Г.Н. Чуркина, Е.П. Салаченок.
Сорт құмдауыт жерде өсетін түрге жатады. Құба зең, аскохитоз сынды ауруларға төзімді келеді, тұқым зиянкестерінен (эспарцет жалпақаяғы, т.б.) сирек зардап шегеді. Бұтағының биіктігі 46-83 см аралығында, тіп-тік болады. 1000 дана тұқымның салмағы — 18,4 г. Қысқы салқынға, құрғақшылыққа өте төзімділігімен ерекшеленеді.

Көктемде өсіп шыққаннан гүлдеу кезеңіне дейінгі мерзім — 50 күн, тұқымдар толық пісіп-жетілгенге дейінгі уақыт — 93 күн.

Зерттеулер жүргізілген алты жыл уақыттаорташа көрсеткіштер мынадай болды: көк шөп күйіндегі өнімділігі — 177,7-180,5 ц/га, кептірілген шөп — 49,4-50,2 ц/га, тұқым алу бойынша — 6,3-7,3 ц/га.


Кептірілген шөпте 17,8-20,0 пайызшикі протеин, 17,2-19,9 пайыз шикі клетчатка,12,5 пайыз сіңімді протеин болады. Ауыспалы қуат көрсеткіші — 10,73 мДж, азықтық бірлік — 0,933 кг/кг.

Жоғары азотжинағыш қызметке ие: жыртылған жердің үстіңгі қабатында атмосфералық азотты игеруі 193-240 мг, немесе азоттың барлық мөлшерінің 83-86 пайызын құрайды.

Эспарцеттің Шортандылық рубин сорты 2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасының селекциялық жетістіктерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізіліп, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында өндіріске пайдалануға рұқсат берілген. Сорт патенттелген.
скачать dle 12.0
1 832 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх