АШҒӨО басшысы Дамса орта мектебінің оқушыларымен кездесті
Жаңалықтар
2019 жылы Мемлекет басшысы жариялаған Жастар жылы аясында, «А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-ның Бас директоры, академик Кенже Абдуллаев В.П.Кузьмин атындағы Дамса орта мектебінің оқушыларымен кездесті.
2019 жылы Мемлекет басшысы жариялаған Жастар жылы аясында, «А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-ның Бас директоры, академик Кенже Абдуллаев В.П.Кузьмин атындағы Дамса орта мектебінің оқушыларымен кездесті.
Кенже Абдуллаев 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Адам және мамандық» тақырыбында өткен ашық сабаққа қатысты. Арнайы дәріс жастармен әлеуметтік-тәрбие жұмысын жүргізу, сондай-ақ елімізге тіреу болатын ертеңгі азаматтардың мамандық таңдауына бағыт сілтеу мақсатында өткізілді.
Кездесуге келгендер К.Абдуллаевтың өзінің өмірлік жолы, кәсіби шыңдалу, тұлға болып қалыптасу кезеңдері, ғылыми зерттеулері және жаныңа жақын кәсіпті таңдаудың маңыздылығы туралы айтқан әңгімесін қызыға тыңдады.
К.Абдуллаев «кәсіби жетістікке жетудегі басты критерийлердің бірі — атқаратын ісіңді жақсы көру, оны жан-тәніңмен орындау. Сонымен бірге еңбек нарығында бәсекеге қабілетті бола білу қажет» деп атап өтті.
«А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас директоры оқушыларға аграрлық сала мамандықтарын байқап көруді, ғылыммен айналысуды ұсынып, болашақта Орталыққа кеп жұмыс істеуге шақырды.
Кездесу соңында К.Абдуллаев оқушыларға оқуда табыс тілесе, олар АШҒӨО басшысына қызықты дәріс үшін алғыс айтты.
Айта кетейік, ашық сабаққа Дамса селолық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Г.И.Кузнецова, Шортанды ауданының құрметті азаматы, отставкадағы подполковник, тыл еңбеккері, «Вести» газетіне талай жыл басшылық еткен В.В.Павлюков, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Д.Кизаева қатысты.
1 164 -рет қаралды