15 мамыр күні себілген нұсқада толық масақтану кезеңі басталды
Жаңалықтар
Шілде айының ортасында дала дақылдарының агротехникасы және өсімдік шаруашылығын әртараптандыру зертханасының тәжірибелік алаңында 15 мамыр күні себілген нұсқада толық масақтану кезеңі басталды. Осы кезеңде, осы себілген мерзімде, биометриялық бақылау жүргізу үшін жаздық жұмсақ бидайдың өсімдіктерін іріктеу жүргізілді: өсімдіктердің салмағы мен өсу деңгейі. Топырақтың метрлік қабатындағы ылғалдың тиімді қорын анықтау зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін масақтау фазасындағы маңызды көрсеткіш болып табылады. Зертхана қызметкерлері ылғалдылықты анықтау үшін топырақ үлгілерін іріктеп алуда.
Өсімдіктер мен топырақ үлгілерін іріктеуден басқа, зертхананың есептік бөліктерінде алдыңғы сүрi жер және аңыздық бойынша бидай өсіру нұсқаларында топырақтың тығыздығын өлшеу жүргізілді. Өлшеу 10, 20 және 30 см тереңдікте пенетрометр – арнайы құрал көмегімен жүргізілді.
849 -рет қаралды