Нақты егіншілік жүйесінде ауыспалы нормалау тиімділігін зерттеу жалғастырылды
Жаңалықтар
Биыл нақты егіншілік жүйесінде ауыспалы нормалау тиімділігін зерттеу жалғастырылды. Тәжірибелік полигонда 1 және 5 гектар тор бойынша егжей-тегжейлі агрохимиялық зерттеу негізінде минералдық тыңайтқыштарды дифференциалды енгізілді.
Пар алаңдарын өңдеу кезінде үздіксіз әсер ететін гербицидтерді дифференциалды енгізу үшін weedseeker оптикалық сенсорлары қолданылды. Парларды химиялық өңдеу кезіндегі датчиктердің экономикалық тиімділігі жоғары. Арамшөптердің жобалық таралуына байланысты жұмыс ерітіндісін үнемдеу 80%-ға жетті.
Ауыспалы нормаланған учаскелерде егін түсімділігін картаға түсіру үшін техниканы дайындау жүргізілуде.
Жұмыс басталар алдында жүйенің параметрлері тексеріліп, таразы мен дән ылғалдығының датчигі калибрленеді, құжаттама формасы толтырылады және жиналатын алқаптың контуры сызылады. Осыдан кейін комбайн егін жинауды бастайды, түсімділік картасын тіркейді.
704 -рет қаралды