АШҒӨО ғалымдары "Polyter" компаниясымен онлайн-келіссөздер жүргізді
Жаңалықтар

А. И. Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдары "ҰАҒБО" КЕАҚ еншілес мекемелерінің өкілдері ретінде "Polyter" атты франциялық компаниясымен ZOOM платформасы арқылы онлайн-келіссөздер жүргізді.
Кездесу барысында топырақты қалпына келтіру және су тұтынуды 80 пайызға дейін азайту үшін биологиялық ыдырайтын технологияны қолдана отырып, өсімдік шаруашылығы бағытында жобаны іске асыру мәселелерін талқыланды.
Іс-шара барысында қатысушылар толық ақпарат алып, "Polyter"компаниясының өкіліне өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды.
813 -рет қаралды