Өз ісінің маманы
Жаңалықтар
Әр мамандықтың өмірде қызығы мен ауырлығы болады. Сондықтан өз ісінің маманы атану көп еңбектеніп, ізденуді қажет етеді. Және сүйікті мамандығыңа деген зор ынта мен сүйіспеншілігің болу керек.
Өмірінің 50 жылға жуық уақытын егіншілік пен өсімдік өсіру саласына арнаған «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Бейімді және агроландшафты технология зертханасының меңгерушісіАқшалов Қанат Ашкейұлы 19 қазанда мағыналы ғұмырының биік белесі – мерейлі 70 жасқа толып отыр.
«Жердің жайын, егіннің бабын білмегеннің еңбегі еш» деп бекер айтылмаса керек. Егіншілік пен өсімдік өсірудің жоғары білімді маманы, жердің жағдайын жетік білетін Қанат Ашкейұлы Қазақстанның, халықаралық қоғамдастық ғалымдары және А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы ұжымы арасында да зор құрмет пен шынайы алғысқа ие.
Ақшалов Қанат Ашкейұлы Алматы қаласындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтының агрономия факультетін тәмамдаған. Одан кейін аспирантураны аяқтаған. Еңбек жолын 1972 жылы Шортанды ауданында астық шаруашылығының Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері болып бастаған. Аталмыш институтта аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары, егіншілік бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етеді.
Қ.Ақшаловтың тікелей атсалысуысмен топырақтың су эрозиясы бойынша теориялық және эксперименталды зерттеулері өткізілді және әдістемесі әзірленді.
Алғаш рет топырақтың су эрозиясынан қорғау себептері мен ұстанымдары, суайрықтарының шалғындануы мен қалақтану принциптерін, жерді пайдаланудың аймақтарын контурлық ұйымдастырудың негізі ғылыми-негізделді.
Қазақстанда алғаш рет 1500 гектар ауданда аумақтың контурлық ұйымдастыруымен БОАШҒЗИ Тәжірибелік шаруашылығында бірден бір ғылыми-өндірістік тәжірибе салынды.
Ол жаздық бидай, арпа, сұлы және басқа дақылдарды өсірудің технологияларын қарқындыландыру тиімділігі мен ұстанымдарын әзірлеудің, Солтүстік Қазақстанның қуаң даласында егіншілікті сүрі жерсіз жүргізудің жаңа концепциясының (академик М.К.Сүлейменовтің жетекшілігімен) негізгі авторларының бірі. Құрғақшылық жағдайында егіншілікті жүргізудің жаңа тәсілдері топырақты дефляциядан қорғауға, егістікті пайдалану тиімділігін 35-45%ға және таза кірісті 30-35%ға арттыруға мүмкіндік береді.
1997 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қанат Ашкейұлы бейімдік және агроландшафты технологиялар зертханасын меңгереді. Ғылыми зерттеулер ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру технологияларын әзірлеуге дәне негіздеуге, топырақты су эрозиясынан қорғау әдістеріне бағытталған.Тәуекел егіншілік аймағында балама дақылдардың бейімделу мүмкіндігі, астық өндірісін әртараптандыру бойынша зерттеулер жүргізіліп жатыр.Қанат Ашкейұлы құрғақшылық жағдайында балама дақылдарды зерттеу және егіншіліктің топыраққорғау жүйесін жетілдіру бойынша СИММИТ, ИКАРДА халықаралық ұйымдармен бірге жұмыс жасады.Экология және топырақ құнарлығы мәселелері бойынша АҚШ, Жапония университеттерінің ғалымдарымен қызмет етеді.
Зерттеулер нәтижесінде әлемде алғаш рет климаттың ғаламдық жылыну мәселелерін шешудің бір бөлігі болып табылатын көмірқышқыл газының дала экожүйелерімен «байланыстыру» мүмкіндігі бойынша теориялық және эксперименталды мәліметтері алынды.
Алынған нәтижелер Қазақстанға 1997 жылы Киот Хаттамасына сәйкес (Киото, Жапония) көміртегі несиесіне қатысуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда Қ.Ақшалов ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің заманауи технологияларын енгізу бойынша Солтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерімен және фермерлерімен қызмет етеді.
Қанат Ашкейұлы өнертабысқа 8 патенті бар және 200 астам ғылыми басылымның авторы, олардың 25 ағылшын тілінде АҚШ, Жапония, Израиль, Австралияның ғылыми басылымдарында жарық көрген және 30 жуық жариялымы Ресей және ТМД елдерінің жетекші ғылыми басылымдарында жарияланды. Қазақ, орыс және ағылшын, сонымен қатар жапон тілдерін еркін меңгерген. А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығында ауыл шаруашылығы ғылымының 4 магистрін дайындады, Жапония, АҚШ-тан 3 студент-магистранттың жетекшісі.
Қанат Ашкейұлы ауылдық аудандық кеңестер депутаты, Шортанды аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды, аудандық Қоғамдық кеңестің мүшесі, ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысады. Оның ғылыми зерттеулері халықаралық деңгейде танылған, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін өзекті болып табылады. Фермерлер үшін кеңестер, семинарлар өткізіп қана қоймай, қайырымдылық акцияларына да қатысады. Сонымен қатар Қанат Ашкейұлы ауданның намысын қорғап, облыстық қысқы және жаздық көпсайыс жарыстарының жүлдегері болып табылады. Жұбайы Ш.К.Ақшаловамен екі ұлдарын өсіріп, олар бүгінде халықаралық ұйымдарда Қазақстанның мемлекеттік мүдделерін табысты орындауда.
Ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін Қанат Ашкейұлы «Еңбек ардагері», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР Мәслихатына 20 жыл», «Мәслихаттарға 25 жыл», «Академик А.И.Бараевтың 100-жылдығына», «Шортанды ауданына 80 жыл» медальдарымен, Жапония, Германия, Түркия, Ресей және тағы басқа елдердің ғылыми ұйымдарының («ФАО», «ПРООН», «ИКАРДА», «АГРИ-ФУД», «Дэвис Университеті», «Киото Универститеті») Халықаралық сертификаттары мен алғыс хаттарымен марапатталған.
Ақшалов Қанат Ашкейұлының еліміздің аграрлық саласына қосқан үлесі мен жарты ғасырға жуық еңбегінің зор екендігін мақтанышпен айта отырып,ардагер ғалымның мерейлі 70 жасқа толу мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығының баспасөз қызметі