Ауыл келешегі біздің қолымызда


Жаңалықтар















«Ауыл келешегі біздің қолымызда» атты жастар акциясының аясында Научный  ауылы А. И. Бараев атындағы АШҒӨО көрсетілім аумағының тұқымбағында (питомнигінде)  орталықтың жас қызметкерлері мен  Дамса селолық округінің үш мектеп оқушыларының еңбекке деген талпынысымен  500 түп шырша отырғызылды.  Бұл еріктілер идеясын төрағасы Харитонова Алена  болып табылатын жас ғалымдар Кеңесі  ұсынды, олар  негізгі пайызы ғылым ардагерлері, қазір жұмыс істеп тұрған қызметкерлер мен жас адамдар құрайтын ауылдың сыртқы келбетін жақсарту бойынша мақсатты іс-шараларына   белсене қатысуға шақырды. Абаттандыру мәселесінде  ғана емес, басқа да мәселерде Дамса селолық округінің әкімі Абдрахманова Г.  қолдау көрсетіп, кәсіпорын басшылығының   ауылды абаттандыруға  бағытталған барлық  тапсырмалары сәтті шешілуіне және  орталықтың осы мақсатқа жету  аясының кеңейуіне мүдделілік танытып отыр.
Бүгінгі күні Орталықтың басшылығы ауыл аумағын көгалдандыру бойынша стратегиялық жобаларды жоспарлап отыр, бұл - жас ғалымдар Аллеясын құру, ландшафты дизайнға құзыретті мамандарды тарта отырып, дендропаркті қалпына келтіру, 1000 қарағай көшеттерін отырғызу және тұқымбақтарда (питомниктерде) әртүрлі көшеттердің өзіндік отырғызу материалын құру және көптеген басқа қажетті бағыттарды жоспарлау.
Осы аспектіде еншілес ұйымдар «С. Сейфуллин ат. ҚАТУ» және «А.И. Бараев ат. АШҒӨО» Ә.Н. Бөкейхан ат. Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институтымен«жасыл экономикаға»көшу жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясындағы барлық бағыттар бойынша тығыз байланыста. Сондықтан белгіленген міндеттердің бүкіл кешенін іске асыру, ең алдымен, ерекше мәртебесі бар елорда маңындағы кенттің беделін көтеруге және оның тұрғындарының, әсіресе, жастардың патриоттық және экологиялық санасын өзгертуге бағытталған. Жастардың осындай акцияларға қатысуы олардың ой-санасына және туған ауылы үшін мақтаныш сезіміне оң серпін береді және жақын болашақта үлкен өзгерістерге ықпал ететінжоғарыда аталған жоспарларды жүзеге асыруға белсенді қатысуына әсерін тигізеді. Айтқандай, жолды жүрген ғана еңсереді.
скачать dle 12.0
556 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх