А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-да мал азығын жинау қызу жүріп жатыр
Жаңалықтар
Сәуір, мамыр, маусым айлары күн температурасы жоғары болды. Фермерлер үшін өткен ыстық жаздағы барлық рекордтар бұзылды. А.И.Бараев АШҒӨО қызметкерлерінің қазіргі қиын уақытта қалай өмір сүретіні және жұмыс істейтіндігін жоспарланған жұмыс кестесі бойынша бағалауға болады, оның тиімділігі егін жинау кезіндегі нәтижелерімен көрінеді.
Бүгінгі күні Орталықта шабындықтар мен жайылымдар құруға өте қажет көпжылдық бұршақ тұқымдас және дәнді шөптердің сорттары мен түрлерінің кең палитрасы ұсынылатын мал азығын жинау қызу жүріп жатыр.
Мал шаруашылығының экономикалық жағынан тиімді және табысты дамуы көбінесе денсаулықты, ауылшаруашылық малдың басы мен қауіпсіздігін арттыруды, өнімділіктің артуын және мал шаруашылығы өнімдерінің сапасының жақсаруын қамтамасыз ететін тұрақты мал азықтық база құрумен анықталады.
Орталық және «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» КЕАҚ ветеринариялық медицина және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің қызметкерлері жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басының әр түрлі түрлерін мал азығымен қамтамасыз ету мақсатында 2021-2022 жылдар аралығында 250 тонна шөп, 300 тонна сабан, 150 тонна жем азық дайындауы қажет.
Қазіргі уақытта А.И.Бараев АШҒӨО шабындыққа арналған көпжылдық шөптерді шабу үстінде, 128 гектар алқапта мал азықтық дақылдар мен табиғи шабындықтардың шөпті өсімдіктері шабылды. Қазіргі уақытта 44 гектар алқаптан жиналып, 25 тонна шөп орып алынды.
Маусым айындағы жаңбырсыз кезең және мамыр айының екінші онкүндігінде себудің кешігуі көрініп тұр, шөптің биіктігі өткен жылмен салыстырғанда онша биік емес, дегенмен мал азығын жинау егін жинаудың пісу кезеңіне ұсынылған және жоспарланған күндеріне сәйкес жүруде. А.И.Бараев АШҒӨО өндірістік бөлімінің мамандары мен механизаторлары шабылған шөптің жетілуі кезінде оңтайлы уақытта жиналған шөптің көптеген малдар үшін құнды әрі қоректік жем екенін жақсы біледі. Оның құрамында дәрумендер, минералдар және ақуыздар көп. Шабылған шөптер орама түрінде кептіріледі, соның арқасында ауа-райының қолайлы жағдайында өсімдіктердің жапырақтары мен гүлшоғырлары кіретін ең қоректік бөліктерінің шығынын азайтуға болады. Механизаторлар әр сағатты тиімді пайдалануға тырысады, себебі Орталықта шөп оруды ойдағыдай жүргізу үшін барлық жағдай бар: жанармай, шөп шабуға арналған тракторлар мен мал азығын жинауға арналған жабдықтар.
Орталық басшысы Нұрлан Амангелдинұлы Серекпаевтың айтуынша, шөп шабу кезеңінде ең бастысы - егілген көпжылдық шөптер мен шабындыққа арналған табиғи жерлердің бір гектар қалдырмай барлық жоспарланған аумақтарын, қолда бар мал азығын жинау техникаларын ұтымды пайдаланып, уақтылы шабу. Орталықтың ұжымы үлкен, мұнда ғалымдар да, өндіріс қызметкерлері де жұмыс істейді, олардың көпшілігінің ірі қара, ұсақ мал, жылқы және құс ұстайтын жеке шаруашылықтары бар. Осыған байланысты, ең алдымен, біз өз қызметкерлерімізді нарықтық бағадан төмен бағада мал азығымен қамтамасыз етуге тырысамыз, бұған шөп, сабан және қалдықтар кіреді. Бұл әлеуметтік жауапкершіліктің бір түрі, біз Орталық қызметкерлері мен жұмысшыларында бұл жағынан қиыншылықтардың болмағанын қалаймыз. Бұл өз кезегінде біздің ұжымның еңбек өнімділігі мен әлеуметтік әл-ауқатына әсер етеді.

599 -рет қаралды