Астық және дәнді бұршақ дақылдары жиналды


Жаңалықтар
16-17 қыркүйекте А.И.Бараев атындағы АШҒӨО тұқым айналымы тобының көпжылдық стационарында астық және дәнді бұршақ дақылдарын жинау жүргізілді. Өнімтаза астықтың ылғалдылығы алдын ала айқындалып, дақыл толық піскен кезінде тікелей комбайнмен жиналды.Ылғалдылықты жедел бақылау үшін Wile-55 ылғалөлшегіші пайдаланылады. Мұндайда астық салынардың алдында мұқият араластырылып, шағын көлемнің орташа сынамасы ылғалөлшегіштің өлшеу цилиндріне орналастырылады. Ылғал құрамының көрсеткіші 5 секунд ішінде электронды дисплейде пайызбен көрінеді. Жинау кезінде бұршақтың ылғалдығы 10,0-ден 15,4 %-ға дейінді құрады. Алынған мәліметтер зертханалық журналға енгізіледі.скачать dle 12.0
1 246 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх