Астана күні мерекесімен құттықтау


Жаңалықтар
Құрметті оқытушылар, қызметкерлер және студенттер!
Сіздерді астана күні мерекесімен құттықтаймын! 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің үлкен ұжымы астананың тарихында  алғашқы жоғары оқу орны біздің ҚазАТУ екенін мақтанышпен айта алады. Сонау1957 жылдан бастап ҚазАТУ тарихы сүйікті қаламыздың тарихымен сабақтаса  жазылып келеді. Біздің оқытушылар мен түлектер  тың өлкесінің игерілуінің куәсі болды.
Сол кезден бастап елдің қалыптасуының түрлі кезеңдерін басынан өткерді.  Қаламыздың өсіп өркендеуі кезеңінде біздің сүйікті университетіміз де дамып гүлденіп отырды.  Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласы - Қазақстанның айнасы спетті. Ал ҚазАТУ - аграрлық ғылымның символы.
Жастар жаңа білім алу үшін елордаға келеді. Олардың көпшілігі барлық бағыттардағы жаңа тенденцияларға сай болу үшін біздің агротехникалық университетімізді таңдайтыны шындық. Осылайша жастардың Елорда төріндегі тарихы тереңге бой тартқан  алғашқы университетте болып, сол білім ордасымен бірге өркендеп өсуді армандайтыны да рас. Жастар тарихы терең білім ордасының түлегі атануды мақтан етеді.
Ал бізге ауылшаруашылық ғалымдарының, механиктердің, инженерлердің, бағдарламашылардың, орманшылардың, ветеринарлардың жаңа буынын тәрбиелеу миссиясы сеніп тапсырылды. Бұл мамандықтардың қай-қайссы болмасын еліміздің аграрлық секторында аса үлкен сұранысқа ие. Біз өз тарапымыздан түлектеріміздің есімдері прогрессивті ғалымдар, табысты кәсіпкерлер және креативті менеджерлер арасында бірінші орынға ие болуын мақсат етіп, сол үшін тер төгуіміз қажет.
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласына 23 жыл толды! Бұл қалыптасу мен таңдау уақыты. Елорда біздің көз алдымызда гүлденіп дамып келеді. Оның гүлденуіне мына сіздер де барынша үлес қосып, тер төудесіздер. Елордамыздың гүлденуі, еліміздің гүлденуінің айнасы. Ендеше еліміздің өркендеп, Астанамыздың қарыштап дами беруі жолындағы әр бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!
Мереке құтты болсын!
 
Құрметпен,
Басқарма Төрағасы                                                      Қ.Айтуғанов
скачать dle 12.0
1 333 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх