А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-ның ғалымдар ұжымы ғалым-агроном Готовец Александр Федоровичтің дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен достарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады


Жаңалықтар

А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдар ұжымы көрнекті ғалым-агроном, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты Готовец Александр Федоровичтің қайтыс болуына байланысты отбасы мен достарына қайғыларына ортақтаса, көңіл айтады.

Готовец Александр Федорович 1934 жылы 14 ақпанда Қорған облысы, Белозер ауданы, Редькино ауылында дүниеге келген. 1957 жылы Қорған мемлекеттік ауылшаруашылық институтын бітіргеннен кейін еңбек жолын Солтүстік Қазақстан ауылшаруашылық тәжірибе станциясында бастады.

1961 жылы А.Ф. Готовец БАШҒЗИ-ның аспирантурасына түседі. 1967-1971 жж. аралығында институттың тұқым шаруашылығы бөлімінде әртүрлі қызметтер атқарды. 1971 жылы Александр Федорович кандидаттық диссертациясын сәтті қорғайды. 1972 жылдан бастап БАШҒЗИ-да ғылыми-техникалық ақпарат және патенттік бөлімін басқарды. 1983 жылдан 1992 жылға дейін қатты бидай зертханасын басқарады, онда құрғақ аймақтың табиғи- климаттық факторларын максималды қолдана отырып, жаздық қатты бидайды өсіру технологиясы бойынша іргелі зерттеулер жүргізілетін. Мұнда ең жақсы алғы дақылдар, энергияны үнемдейтін сүрі жерді дайындау технологиялары анықталған болатын. Сүрі емес жерлі алғы дақылдардан кейінгі топырақты өңдеу технологиялары, әдістері, түрлері және минералды тыңайтқыштардың дозалары зерттелді. Сүрі жерлі және сүрі емес жерлі алғы дақылдар бойынша себудің әр түрлі нормаларында  тұқым себу тереңдігін  және жылдамдығын зерттеу бойынша аудандастырылған және перспективті сорттармен жұмыстар жүргізілді. Ғылыми зерттеулермен қатар олардың әзірлемелерін насихаттау және жүзеге асыру бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді. Александр Федорович бүкіл өмірін аграрлық ғылымды дамытуға арнап, 1994 жылы зейнетке шықты. Готовец Александр Федорович 21 ғылыми жұмыстың авторы.

Көп жылдық жемісті қызметі, өзінің сүйікті ісіне деген адалдығы, мінсіз беделі және әріптестеріне деген достық қарым-қатынасы арқасында Александр Федорович біздің жүрегімізде тәжірибелі тәлімгер және көрнекті ғалым ретінде қалады.

Біз керемет ғалымның, әріптесіміздің және жай ғана жақсы адамның орны толмас қазасына қайғырып көңіл айтамыз.

скачать dle 12.0
647 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх