Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Адильбеков Даурен Зекенұлы А.И. Бараев ат. АШҒӨО -на келді
Жаңалықтар
Бүгін А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Адильбеков Даурен Зекенұлы келді.
Сапар барысында АШҒӨО-ның Басқарма Төрағасы Серекпаев Нұрлан Амангелдинұлы қонақтарды Орталықтың негізгі қызметінің бағыттары мен ғылыми -практикалық нәтижелерімен таныстырды.
Дәурен Зекенұлы Орталықтың демонстрациялық алаңында болды, онда ғалымдар оны Ақмола облысы жағдайында нақты егіншіліктің жүйесін зерттеу нәтижелерімен таныстырды. Атап айтқанда, Д.Адильбековке А.И. Бараев ат. АШҒӨО-ның демонстрация алаңында бидайдың ретроспективті сорттары (институт дамуының алғашқы жылдарында құрылған), жұмсақ және қатты бидайдың жаңа перспективалы сорттары, арпа мен сұлы, тары, қарақұмық, судан шөбі, күнбағыс, зығыр, бұршақ, жасымық және көпжылдық шөптер көрсетілді.
Осылайша, Орталық селекционерлері Қазақстанның солтүстік және орталық облыстары үшін орталықтың дәнді, майлы, жармалы дақылдарының және көпжылдық шөптердің сорттарын пайдалануға рұқсат етілген барлық бекітілген, түпнұсқалық және элиталық тұқымдарды сұрыптау, нақты егіншілік элементтері бар ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологияларын күшейту саласындағы ғылыми жетістіктерін көрсетті.
Дәурен Зекенұлы Орталық ғалымдарының АӨК-ді дамытуға қосқан зор үлесін атап өтті және мұндай кездесулер депутаттарға аграрлық ғылымға жүктелген міндеттердің барысы туралы білуге және ауыл шаруашылығы ғалымдарынан АӨК жағдайды жақсарту бойынша конструктивті ұсыныстар алуға көмектесетінін айтты.

1 027 -рет қаралды