Мәжіліс депутаты Нұрлан Әлімжанов АШҒӨО-да болды


Жаңалықтар


«А. И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-ға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әлімжанов, Шортанды ауданының әкімі Гайдар Қасенов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Ахмедия Қожамсейітов және Дамса ауылдық округінің әкімі Гүлнар Абдрахманова келді.

Іс-шара аясында АШҒӨО бас директоры Кенже Абдуллаев қонақтарды Орталық қызметінің негізгі бағыттарымен және ғылыми-практикалық нәтижелермен таныстырды. Осыдан кейін қонақтар орталық ұжымымен және жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Нұрлан Әлімжанов Мәжілістегі заң шығару жұмысы жайында, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы баяндады. Депутат мұндай кездесулер депутаттарға сайлаушылардың күнделікті сұранысын жақсы білуге, сондай-ақ проблемалық мәселелерді шешуге көмектесетінін атап өтті.
скачать dle 12.0
935 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх