Ақмола облысында құрғақшылыққа төзімді бидай сұрыптары шығарылды


Жаңалықтар

Ақмола облысында ғалымдар бидайдың құрғақшылыққа төзімді сұрыптарын шығарды.

Зертханада он жылға жуық зерттелген жұмсақ және қатты бидай тұқымдары алдағы жылдары сынақ алқаптарына жіберіледі. Онда бірнеше жыл бақыланған соң, олар жаппай себуге ұсынылмақ. Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының мамандары, жаңа өнімдердің нақты сипаттамаларын әзірге құпия сақтап отыр. Дегенмен, екеуі де қуаңшылыққа төзімді болатынын айтады. Селекционерлердің сөзінше, бұрын елімізде тек бидайдың сапасы мен өнімділігіне мән берілетін. Ал соңғы жылдары астықтың қуаңшылық пен табиғаттың түрлі құбылыстарына төзімді болғаны маңызды болып отыр. 

Ирина Ошергина, астық шаруашылығы орталығының бөлім жетекшісі:  – Құрғақшылыққа төзімді дегенді қалай түсінуге болады? Ол жауын-шашын аз кезде де және ылғал мол жылдары да өнімділігі бірқалыпты тұқым. Бізде бұл көрсеткіш гектарына 15-18 центнер. Міне, ауа-райы қалай құбылса да, біз ойлап тапқан бидай тұқымдары осы деңгейден төмендемеуі тиіс. Ғалымдарымыздың қазіргі бар мақсат-міндеті осы.

Дереккөзі: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/491536-a-mola-oblysynda-r-a-shyly-a-t-zimdi-bidaj-s-ryptary-shy-aryldy?fbclid=IwAR0zR1LpPNUees-Jiwas0ajmL9sb8qjlwMDymc1Q0FYMkHWKatqrOhQw6I0
скачать dle 12.0
448 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх