А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталағында егін жинау науқаны басталды


Жаңалықтар







А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталағында ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау басталды. Бұл күндері егістіктерде бұршақ дақылдары – асбұршақ және жасымық жиналуда.
Айта кету керек, егін жинау кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру үшін заманауи цифрлық технологиялар қолданылады. Егін жинау жұмыстарының барысы және танаптардың жай-күйі бойынша барлық деректер жобаны басқару Орталығына келіп түседі, ол арқылы Орталық танаптарда өнім жинау жөніндегі жұмыстардың орындалуына бақылау жүргізеді.
Осы технологиялардың көмегімен ғалымдар алқаптардың электрондық карталарын жасап, топырақтағы қоректік заттардың құрамын, сондай-ақ өнімділік карталарын жасады. Сондай-ақ технологиялық операциялардың орындалуы мен жанар-жағар май шығынына жүйелі мониторинг жүргізіледі.
Бүгін, Орталық танаптарда дәнді дақылдарды жинауға кірісті.
скачать dle 12.0
692 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх