АШҒӨО-да Израиль Мемлекетінің ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілімен кездесу өтті


Жаңалықтар







А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-да Израиль мемлекеті ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы инновациялары жөніндегі аға вице-президенті Михаль Леви болып қайтты. Жұмыс сапары барысында Басқарма Төрағасы Нұрлан Серекпаев шетелдік делегация мүшелерін АШҒӨО қызметінің негізгі бағыттарымен және ғылыми-практикалық нәтижелерімен, селекционерлердің әзірлемелері мен жетістіктерін таныстырды, сондай-ақ орталық жанында жұмыс істейтін мұражайды көрсетті. Кездесу аясында аграрлық саладағы ғылыми жобаларды дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасылды, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктері талқыланды.
Сондай-ақ, Михал Левиге АШҒӨО өндірісті басқару орталығының және зертханаларының жұмысын көрсетті, өз кезегінде, орталық ғалымдарының аграрлық ғылым саласындағы жоғары жетістіктерін атап өтті.
скачать dle 12.0
533 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх