А.И. Бараев атындағы АШҒӨО "KazAgro/KazFarm"Халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысуда
Жаңалықтар
2021 жылғы 20 қазанда Нұр-сұлтан қаласында ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі тақырыбына арналған жыл сайынғы ірі халықаралық "KazAgro - 2021" көрмесі, сондай-ақ мал шаруашылығы және ет-сүт өнеркәсібі көрмесі "KazFarm - 2021" өз жұмысын бастады. Іс-шаралар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ҰАҒБО КеАҚ, Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің ресми қолдауымен өтеді.
Бүгін EXPO Көрме орталығында 20-дан астам елден 120-дан астам компанияның қатысуымен KazAgro/KazFarm халықаралық аграрлық көрмелері ашылды. Олар тәжірибелерімен бөлісіп, ынтымақтастық мәселелерін талқылап, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жаңа технологияларды көрсетпек.
Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы "KazAgro/KazFarm"Халықаралық ауыл шаруашылығы көрмелеріне қатысады.
А.И. Бараев атындағы АШҒӨО стендінде ғалымдар нақты егіншілік пен селекционерлердің жетістіктері туралы өз әзірлемелерін ұсынады. Көрмеге Басқарма Төрағасы Нұрлан Амангелдіұлы Серекпаев бастаған АШҒӨО қызметкерлерінің тобы қатысады."Біздің стендте Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары мен мамандары орталықтың Солтүстік Қазақстанда енгізу үшін ұсынылатын ғылыми-практикалық жетістіктерімен, ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа перспективалы сорттарымен таныса алады, егістікті агрохимиялық зерттеп - қарау және инновациялық технологияларды ғылыми сүйемелдеуге шарттар жасай алады, сондай-ақ дәнді, дәнді-бұршақ, майлы және жемшөп дақылдарын өңдеу бойынша ғалымдардан консультация ала алады", - деп атап өтті АШҒӨО ғалымдары.
"KazAgro" және "KazFarm" Халықаралық ауқымдағы көрмелерді өткізудің оң тәжірибесі, сондай-ақ жобаны сапалы ұйымдастыру жаңа және әлемге танымал компаниялар арасында іскерлік байланыстарды орнатуға, қазақстандық өнімді әлемдік нарықтарға жылжытуға, ҚР АӨК инвестицияларын тартуға ықпал етеді, бұл жалпы саланың дамуына қосымша серпін беретінін атап өткен жөн.