Талдау орталығының қызметкерлері Thermo Fisher Scientific Inc. өкілдерімен байланыс орнатуда
Жаңалықтар
Thermo Fisher Scientific өкілдері біздің Талдау орталығына барудың мақсаты қызметкерлерді күрделі геномдарды генотиптеу жөніндегі компания шешімдерімен таныстыру болып табылады. Өнеркәсіптің әртүрлі салаларында диагностика мен ғылыми зерттеулерге арналған зертханалық жабдықтар мен шығын материалдарының жетекші өндірушісі бола отырып, өз өнімдерімен әртүрлі күрделі аналитикалық мәселелерді шешуге көмектеседі және зертхана жұмысының өнімділігін арттырады.
Компания өкілдері Петр Орлицкий мен Ольгерд Ульянов Орталықтың ғалым-селекционерлерімен, сондай-ақ биохимия және ауылшаруашылық дақылдарының сапасын технологиялық бағалау зертханасының ғылыми қызметкерлерімен кездесіп, өз өнімдері туралы қажетті ақпарат бөлісті. Өз кезегінде біздің ғалымдар сенімді нәтижелерге қол жеткізу үшін белгілі бір аналитикалық жабдықты пайдаланудың маңыздылығы туралы пікір алмасуға мүмкіндік алды.

Талдау орталығы ғылыми және коммерциялық зерттеулердің кең ауқымы бойынша ғылыми және коммерциялық мүдделерді ескере отырып, зерттеулерді ең жоғары деңгейде жүргізуге мүмкіндік беретін зертханалардың аспаптық қамтамасыз етілуін жаңартуға көп көңіл бөледі.
Орталық мамандары жаңа сорттар мен технологияларды құру процесінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын бақылау, астық сапасын бағалау әдістерін жетілдіру, селекция үшін жоғары сапалы бастапқы материалды таңдау мәселелері бойынша зерттеулер жүргізеді.
2 522 -рет қаралды