Ресей ғалымдарымен ынтымақтастық
Жаңалықтар

24-30 қараша аралығында ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру аясында А.И. Бараева атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері Ошергина И. П., Тен Е. А., Хасанова Г. Ж. "Оңтүстік-Шығыс Федералды аграрлық ғылыми орталығы" федералды мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесіне (Саратов қ., РФ) барды.



Анықтама
"Оңтүстік-Шығыс Федералды аграрлық ғылыми орталығы" федералды мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесі 1910 жылы проф. А.И. Стебут Саратов губерниялық земство Үкіметінің шешімі бойынша ұйымдастырған Саратов ауылшаруашылық тәжірибе станциясынан бастау алады.
Институт Ресейдің оңтүстік-шығысындағы негізгі егістік дақылдарының селекциясын, бейімделгіш-ландшафттық және нақты егіншілік негіздерін, дақылдарды өсірудің ресурс үнемдейтін технологияларын әзірлеуде жемісті жұмыс істейтін ғалымдарының жетістіктерімен бүкіл әлемге танымал.
4 518 -рет қаралды