Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру-жеңістер мен қателіктер тарихы


Жаңалықтар

  Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары және Астана, Көкшетау қалаларының аграрлық секторы мен ғылыми қоғамдастығының өкілдері тың және тыңайған жерлерді игерудің тарихи аспектілеріне ерекше назар аударды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шараның мақсаты тың және тыңайған жерлерді игерудің мақсаттары мен міндеттерін көрсететін, әрбір адам есте сақтауы тиіс еңбек ынта-жігерін, оптимизмін, қиындықтары мен достығын куәландыратын шынайы тарихи құжаттарға, мұражай экспонаттарына жұртшылықтың назарын аудару болды.  Осы конференцияда «Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру -жеңістер мен қателіктер тарихы» тақырыбында А. И. Бараев атындағы АШҒӨО биологиялық егіншілік зертханасының меңгерушісі а. ш.ғ.к. Заболотских Владимир Владимирович баяндама жасады. Өз сөзінде ол осы тарихи кезеңдегі институт ғалымдарының рөлі мен орнын белгіледі. Институтты қалыптастыру кезеңі бірқатар жағымсыз салдарларды тудырған егістік жерлердің жаппай жыртылуына байланысты Солтүстік Қазақстанның жаңадан игерілген тың және ескі егістік жерлерінде жел эрозиясының апатты таралуымен сәйкес келгенін көп адамдар білмейді. Институт ғалымдары мен қызметкерлері ұжымының алдында топырақты қорғау егіншілік жүйесін дереу әзірлеу, жел эрозиясының жойқын әсерін болдырмау міндеті тұрды. Сондай-ақ астық өндірісін ұлғайтуды қамтамасыз ету, топырақты өңдеу әдістерін түбегейлі өзгерту және жаңа машиналар мен құралдар жүйесін әзірлеу қажет болды. Институт ғалымдары барлық үлкен міндеттерді орындады. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, спикер тың жерлерді игеру болашақ ұрпақ үшін экологиялық тепе-теңдікті бұзбауға тырысып, өз елінің табиғатын бақылау керек екендігі туралы тағылымды сабақ ретінде қызмет ететінін атап өтті.

скачать dle 12.0
3 557 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх