Ғылым заман талабына сай келеді


Жаңалықтар

  А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ҒЗО базасында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы Президиумының «Ауыл шаруашылығын табиғи апаттарға бейімдеудегі аграрлық ғылымның рөлі» тақырыбында көшпелі отырысы өтті.

  Отырыста ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА Басқарма Президенті А.Күрішбаев, «ҰАҒББО» КеАҚ Басқарма Төрағасы Б.Қасенов, ФАО, Дүниежүзілік банктің халықаралық сарапшысы А. Моргунов, Ұлттық Ғылым Академиясының бас ғалым хатшысы И. Тоқбергенов, Парламент депутаттары, ҚР АШМ вице-министрі, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Е. Е. Есенеев, аграрлық ғылымның жетекші ғалымдары сөз сөйледі.

  Сөз сөйлеушілер саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуі тиіс аграрлық ғылымның өсіп келе жатқан рөлін атап өтті. Мемлекет жаһандық табиғи сын-қатерлер жағдайында аграрлық ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша ғылыми зерттеулерді белсенді қолдауға тиіс. Сондай — ақ, аграрлық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру жүйесін өзгерту, технологиялық көшбасшы елдердің тәжірибесіне сәйкес ҰАҒББО басқарушы компаниясының қызметін қайта құру, АӨК саласында жоғары білікті мамандарды даярлауды жетілдіру, аграрлық ғылымға жас ғылыми кадрларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасау мәселелері қаралды.

скачать dle 12.0
2 148 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх