Көктемгі танаптық жұмыстар: ылғал жабу


Жаңалықтар

  А. И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында көктемгі танаптық жұмыстарының басталуының төртінші күні. Осы жауапты кезеңге тартылған барлық қызметтерлер толық режимде жұмыс жасайды. Зертханалардың ғылыми қызметкерлері өздерінің белгіленген кестелеріне сәйкес танаптық зерттеулерге кіріседі.

  Баспасөз қызметі орталықтың бас ғалымы агроном Ташенов Мақсұт Жалелұлына егіс науқанын ұйымдастырудың алдағы жоспарлары туралы білу үшін жүгінді. Қазіргі уақытта көктемді танаптық жұмыстарындағы маңызды бастапқы кезеңдердің бірі болып табылатын өндірістік танаптарда ылғал жабу жұмыстары басталды. Бүгінгі күні бұл жұмысты көпжылдық шөптер, дәнді-бұршақ және майлы дақылдардың селекциясы және егістік дақылдардың агротехникасы зертханалары аяқтады. Кейбір егістіктерде арамшөптердің өсуі байқалады. Сондықтан біз бірден себу алдындағы химиялық өңдеу жұмыстарын бастаймыз. Астық қырманының қызметкерлері көпжылдық шөптердің тұқымын дайындайды. Мамырдың бірінші онкүндігінде көпжылдық дақылдарды себу жоспарлануда, сондай-ақ танаптық дақылдарының агротехникасы және өсімдік шаруашылығын әртараптандыру зертханасының ғалымдары ерте себу жұмыстарын жоспарлауда.

  Егіншілік бөлімінің қызметкерлерінің есептеулері бойынша ылғал қоры 80-ден 100 мм-ге дейін, бұл орташа жылдық деңгейге жетеді.

  Ылғалдың қазіргі артық болуының нәтижелері бойынша егістіктерде су эрозиясы бар учаскелер пайда болды, оларда топырақты тегістеу жұмыстарын жүргізу керек.Бір сөзбен айтқанда, барлық жұмыстар кесте бойынша жүргізіледі. Аграрлық қызметкерлерге барлық егіс жұмыстарын уақтылы жүргізу және сайып келгенде лайықты өнім алу үшін жақсы ауа-райы мен жеткілікті ылғал тілейміз.

скачать dle 12.0
2 401 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх