Ғылымның дамуы және ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерді қолдану басымдыққа ие


Жаңалықтар
  Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министр Бектенов Олжас Абайұлы өңірдің фермерлерімен кездесті. Үкімет басшысы себу жұмыстары жүріп жатқан «Журавлевка-1» ЖШС егіс науқанының барысымен танысты. Серіктестік Бұланды ауданының жетекші агроқұрылымдарының бірі болып табылады. Шаруашылық толық көлемде тұқыммен және жанар-жағармаймен қамтамасыз етілген. Жаздық егістік алқабы биыл 88 771 га құрайды. Шаруашылық күнбағысқа баса назар аударылып, дақылға 16 мың гектарға жуық жер бөлінген, қазіргі уақытта оның 4 мыңға жуығы себілді, сонымен қатар биыл егістіктерде сұлы, асбұршақ, зығыр және рапс өсіріледі. Жалпы, өңірде себу науқаны басталды: қазіргі уақытта 510 мың га себілді.

  Үкімет басшысына А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының майлы, бұршақ, мал азығы дақылдарының сорттары ұсынылды. «А. И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС Басқарма Төрағасы Савин Тимур Владимирович орталықтың ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары мен нәтижелері туралы баяндама жасады, онда оның басты мақсаты өсімдік шаруашылығын әртараптандыру, жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті сорттарды құру, ресурс үнемдегіш агротехнологияларды әзірлеу және енгізу арқылы Қазақстан АӨК экономикасын жеделдетілген ғылыми-технологияның дамуын қамтамасыз ету болып табылатындығы атап өтті.

  Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары-ауыл шаруашылығы дақылдарының гендік қорын сақтау мен толықтыруды, дақылдардың 19 түрін практикалық селекциясы, жаңа агротехнологияларды бейімдеу мен әзірлеуді қамтитын ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің тұрақтылығын арттыру, дәнді, мал азығы, майлы тұқымдарының сапасын анықтау, топырақ сапасының агрохимиялық көрсеткіштерін бағалау бойынша қызметтер көрсетіледі.

  Орталықта ауылшаруашылық дақылдарының селекциясы ішкі нарыққа бағытталған көп мақсатты сипатқа ие жаңа сорттарды құруға бағытталған. Барлық дәнді дақылдардың ерте пісетін, құрғақшылыққа төзімді, жоғары өнімді сорттарын құру бойынша жұмыс күшейтілді.

  Орталықта Қазақстанның мемлекеттік тізіліміне 105 сорт құрылды және енгізілді, оның ішінде жаздық жұмсақ бидайдың 35 сорты; жемазықтық дақылдардың 15 сорты, жарманың 14 сорты, майлы дақылдардың 7 сорты және көпжылдық шөптердің 27 сорты бар.

  Ақмола облысы бойынша жаздық бидай дақылының жалпы егістігінде А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО селекция сорттарының үлесі 2018 жылдан бастап ұлғайды және 2023 жылға қарай 67%,      Солтүстік Қазақстан бойынша-23%, Қостанай облысында -9%, Қарағанды облысында-14% құрады.

  Жаздық жұмсақ бидайдың Шортандинская улучшенная 95 және Астана сияқты сорттары 1 млн. гектардан астам алқапқа себіледі.

  Қазіргі уақытта 18 дақыл, 50 сорт бойынша түпнұсқа тұқымдарды өндіру жүргізілуде. Тікелей фермаларда демонстрациялық тәжірибелер мен өндірістік сынақтар салынуда, ғылым мен өндірістің байланысы тығыз. Орталық жыл сайын фермерлер үшін 300-ден астам қатысушы қатысатын білім тарату іс-шараларын өткізеді, биылғы жылы 20 семинар, вебинар, Дала күндері жоспарланған. Орталық фермерлерге онлайн және серіктес шаруашылықтардың егістіктеріне барып кеңес береді, өсімдік шаруашылығына ғылыми кеңес беруді және сүйемелдеуді, негізінен, АШҒӨО селекциясының ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын өсіруді жүзеге асырады.

  Жұмыс нәтижелері мақұлданып, олардың практикалық маңыздылығын іс-шараға қатысатын облыстың жетекші ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары растады. Премьер-Министр О.Бектенов ғылымды дамыту және ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерді қолдану қажеттігін атап өтті.

скачать dle 12.0
1 845 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх