А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы - оқиғалардың эпицентрінде


Жаңалықтар

  Бүгін А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығына Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сейпілұлы Сапаров пен Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы Ахметжанов келді.  Жұмыс сапары барысында олар танаптық жұмыстарының барысымен және Орталық ғалымдарының селекциялық-тұқым өсіру жұмыстарының жай-күйі, облыстың фермерлік шаруашылықтарында агротехнологияларды енгізу бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралармен танысты. Танысудың ақпараттық бөлігі Орталықтың аналитикалық зертханаларында жалғасын тауып, министр Айдарбек Сапаровтың назарын соңғы жылдары ғалымдар ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасы мен топырақ құнарлылығын жақсарту және технологиялық бағалау бойынша әзірлеп жатқан ғылыми зерттеулерге аударды. Әрі қарай, Басқарма Төрағасы Савин Тимур Владимирович қонақтарға селекциялық жетістіктер, агротехнологиялар және нақты егіншілікті енгізу көрмесінде көрсетілген ауыл шаруашылығы мен селекция саласындағы Орталықтың ғылыми-практикалық жетістіктерін таныстырды және басшысылармен әңгімелесу барысында өңірдің ғалымдары мен фермерлерінің өзара мәселелеріне баса назар аударылды.

  Ауа-райы жағдайлары жаздық жұмсақ бидай селекциясы зертханасы ғылыми қызметкерлерінің селекциялық питомниктерде егістік жұмыстарын бастаған тәжірибелік-эксперименттік учаскелерге баруға мүмкіндік бермеді. Ғалымдар конкурстық сорт сынау питомнигін және демонстрациялық питомникті себуді аяқтады. Әрі қарай олар Шортандинская улучшенная 95, Шортандинская 2012, Шортадинская 2014, Таймас сорттарының бірінші жылдық көбею питомниктерінде ПҰС 2 себу жұмыстарын бастайды. Көбейту питомниктердің себу алаңы шамамен 1 га. Селекциялық питомниктерде ССФК-7, көбейту питомниктерде МТЗ 82.1+СПК 2.1 сепкіштері қолданылады.

  Сондай-ақ, кездесу барысында қонақтар орталықтың тарихи мұражайына барып, оның сирек кездесетін жәдігерлерімен және астық шаруашылығы орталығының қалыптасуы мен даму кезеңдерін нақты көрсететін фотоқұжаттамаларымен аса қызығушылықпен танысты.

  Өңір басшысы аймақтың топырақ-климат бойынша егістікті пайдалану құрылымын жетілдіру, егістіктерді әртараптандыру, топырақ ылғалдылығын сақтау және тиімді пайдалану, топырақты эрозиядан қорғау, тұқым материалын себуге дайындау, дәнді, жемазықтық, дәнді-бұршақ, жарма, майлы, біржылдық және көпжылдық мал азығы дақылдарын өсіру туралы ғалымдардың пікірлерін мұқият тыңдады. Сондай-ақ, көктемгі танаптық жұмыстарын жүргізу кезінде аймақ фермерлерінің нақты егіншілік жүйесінің элементтерін кеңінен қолдану мәселелеріне тоқталды.

скачать dle 12.0
2 611 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх