Органикалық өнім өндірісін сертификаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде


Жаңалықтар

  Ағымдағы BR21882327 «Ауыл шаруашылығы өнімдерін органикалық өндіру және қайта өңдеудің жаңа технологияларын әзірлеу» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 1 шілдесінде «Сертификаттау және тестілеу орталығы» ЖШҚ Еуропалық сертификаттау органының инспекторлары (Латвия, Приекуле қ.) А. И. Бараев ат. АШҒӨО органикалық өнімдерді өндірудің ЕО ережелері мен сертификаттау жөніндегі органның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкестігіне тексеру (аудит) жүргізді.Инспекция барысында Орталықтың құжаттамасын органикалық өнім өндірісінің сәйкестігіне бағалау жүргізілді, өндірістік қуаттар: егіс алаңдары, қойма орын-жайлары, ауыл шаруашылығы мамандандырылған техникасы және т. б. қаралды.

  Айта кету керек, АШҒӨО тарапынан органикалық өнім өндірісін сертификаттауға арналған «Сертификаттау және тестілеу орталығы» ЖШҚ алдын ала өтінімде: өтініш берушінің мүдделерін білдіру бойынша жауапты адамды тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі, «Өсімдік шаруашылығы» өндірісінің қызметінің сипаттамасы, қойма орын-жайларының сипаттамасы (астық қоймалары, жабық қырмандар және т. б.), ауыспалы егіс схемасы және алдағы 5 жылға топырақ құнарлылығын арттыру жоспары туралы қосымшаларымен берілген.

  Жұмыс қорытындысы бойынша А. И. Бараев АШҒӨО мен жоғарыда көрсетілген сертификаттау жөніндегі орган арасында органикалық өнім өндірісін сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге Шарт (келісімшарт) жасалды және органикалық өнім өндірісі мен айналымы саласындағы стандарттардың талаптарын сақтау ниеті туралы Декларацияға қол қойылды.


Анықтама

"Сертификаттау және тестілеу орталығы" ЖСҚ органикалық өндірісті сертификаттау жөніндегі Еуропалық орган (Латвия, Приекуле) Қазақстанда осы салада жұмыс істейтін белсенді шетелдік компаниялардың бірі және ҚР Ұлттық аккредиттеу жүйесінде аккредиттеуден өтетін органикалық өндірісті сертификаттау жөніндегі жалғыз шетелдік орган болып табылады.

скачать dle 12.0
2 739 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх