Егіншіліктің заманауи үрдістеріне сүйене отыра
Жаңалықтар
2021 жылы А.И. Бараев атындағы АШҒӨО егіншілік бөлімімен а.ш.ғ.к., доцент, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі Ш.О. Бастаубаеваның жетекшілігімен "Органикалық ауыл шаруашылығы" (ҚР АШМ 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру) мамандандырылған ғылыми бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары басталды.
BR10764907 "Өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру бойынша органикалық ауыл шаруашылығын жүргізу технологияларын әзірлеу, цифрландыру және экспорт" жалпы нысаналы бағдарламасы шеңберінде орталық ғалымдарының алдына қара топырақтың табиғи құнарлылығын қалпына келтіру үшін ресурстарды үнемдеу, цифрландыру және биологиялық өнімдерді қолдану қағидаттары негізінде органикалық егіншілік технологияларын әзірлеу міндеті қойылды. 2021-2023 жылдарға жоспарланған жүргізілетін зерттеулердің мақсаты Қазақстан Республикасының қара топырағының табиғи құнарлылығын қалпына келтіру үшін ресурсты үнемдеу, цифрландыру және биологиялық өнімдерді қолдану қағидаттары негізінде дәнді және майлы дақылдардың органикалық өндірісі технологияларын зерделеу, әзірлеу және енгізу болып табылады.
2021 жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде орталықтың бірнеше зертханалары бір уақытта зерттеу жүргізетін органикалық егіншіліктің демонстрациялық алаңы ұйымдастырылды. Стационарлық көпфакторлы далалық тәжірибелерде топырақты өңдеу технологиялары, агротехника элементтері, өсімдіктерді қорғау және органикалық өндіріс жағдайларына қатысты тыңайтқыштар жүйесі зерделенеді. Ең тиімді тәжірибелер облыстың модельдік шаруашылықтары базасында өндірістік тексеруден өтеді.
Органикалық егіншіліктің демонстрациялық алаңыBR10764907 "Өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру бойынша органикалық ауыл шаруашылығын жүргізу технологияларын әзірлеу, цифрландыру және экспорт" жалпы нысаналы бағдарламасы шеңберінде орталық ғалымдарының алдына қара топырақтың табиғи құнарлылығын қалпына келтіру үшін ресурстарды үнемдеу, цифрландыру және биологиялық өнімдерді қолдану қағидаттары негізінде органикалық егіншілік технологияларын әзірлеу міндеті қойылды. 2021-2023 жылдарға жоспарланған жүргізілетін зерттеулердің мақсаты Қазақстан Республикасының қара топырағының табиғи құнарлылығын қалпына келтіру үшін ресурсты үнемдеу, цифрландыру және биологиялық өнімдерді қолдану қағидаттары негізінде дәнді және майлы дақылдардың органикалық өндірісі технологияларын зерделеу, әзірлеу және енгізу болып табылады.
2021 жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде орталықтың бірнеше зертханалары бір уақытта зерттеу жүргізетін органикалық егіншіліктің демонстрациялық алаңы ұйымдастырылды. Стационарлық көпфакторлы далалық тәжірибелерде топырақты өңдеу технологиялары, агротехника элементтері, өсімдіктерді қорғау және органикалық өндіріс жағдайларына қатысты тыңайтқыштар жүйесі зерделенеді. Ең тиімді тәжірибелер облыстың модельдік шаруашылықтары базасында өндірістік тексеруден өтеді.
Органикалық егіншілік жағдайындағы жаздық тритикале (масақтану фазасы)
Органикалық тыңайтқыштарды қолдануға фонды дайындау
Органикалық тыңайтқыштарды енгізу (көпжылдық шөптердің ұсақталған биомассасы)
Материалды дайындаған іс-шара орындаушылары:
Наздрачев Я.П.
Заболотских В.В
Назарова П.Е.
561 -рет қаралды