А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы орталығы: мүмкіндіктер мен шешу жолдары


Жаңалықтар

  2024 жылы 26 шілде күні А. И. Бараев атындағы АШҒӨО (бұдан әрі-Орталық) базасында Қазақстанның солтүстік және орталық облыстары үшін Орталықтың дәнді, майлы, жарма дақылдары мен көпжылдық шөптерінің барлық рұқсат етілген, пайдалануға ұсынылған сорттары бойынша бірегей және элиталық тұқымдардың селекциясы саласындағы ғылыми жетістіктерді, нақты егіншілік элементтерімен ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологияларын қарқындатуды көрсете отырып, жыл сайынғы Дала күні өтеді. Биылғы жылы іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен және алыс шетелдерден ғылым, өндіріс және агробизнес саласындағы АӨК өкілдері жиналады.

  Орталықтың ғалымдары тәжірибелік стационарларда қатысушыларды ағымдағы жылдың құрғақшылық жағдайында әртүрлі егіншілік жүйелерінің агротехнологияларын (әртүрлі қарқындылық дәрежесі) қолдана отырып, ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен таныстырады. Сондай-ақ, селекциялық питомниктер мен бастапқы тұқым өсіру питомниктерінде бидайдың ретроспективті сорттары (институт дамуының алғашқы жылдарында құрылған), жұмсақ және қатты бидайдың, арпа мен сұлы, тары, қарақұмық, судан шөбі, күнбағыс, зығыр, асбұршақ, жасымық және көпжылдық шөптердің жаңа бейімделгенсорттары ұсынылады.

  Сондай-ақ, іс-шара барысында өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруді басқарудың бағдарламалық-ақпараттық кешенінің мүмкіндіктері көрсетіледі.

  Айта кетейік, А. И. Бараев атындағы АШҒӨО -Қазақстанның солтүстік, орталық облыстары үшін дәнді, бұршақ, майлы, мал азығы дақылдарын өсіру және жаңа сорттарын жасау технологияларын әзірлеу бойынша қолданбалы зерттеулермен айналысатын республикадағы жетекші мекеме болып табылады.

  Орталықтың басты мақсаты — өсімдік шаруашылығын әртараптандыру, жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті сорттарды құру, ресурс үнемдегіш агротехнологияларды әзірлеу және енгізу, ғылыми — білім беру қызметтерін ұсыну арқылы Қазақстан АӨК экономикасының жеделдетілген ғылыми-технологиялық дамуын қамтамасыз ету.

  Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары — ауыл шаруашылығы дақылдарының гендік қорын сақтау мен толықтыруды, дақылдардың 19 түрін практикалық селекциялау, жаңа агротехнологияларды бейімдеу мен әзірлеуді қамтитын ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің тұрақтылығын арттыру, астық, мал азығы, майлы тұқымдардың сапасын анықтау, топырақ сапасының агрохимиялық көрсеткіштерін бағалау бойынша қызметтер көрсетіледі.

  Орталықта ауылшаруашылық дақылдарын өсіру ішкі нарыққа бағытталған көп мақсатты сипатқа ие жаңа сорттарды құруға бағытталған. Барлық дәнді дақылдардың ерте пісетін, құрғақшылыққа төзімді, жоғары өнімді сорттарын құру бойынша жұмыс күшейтілді.

  Орталықта Қазақстанның мемлекеттік тізіліміне 105 сорт оның ішінде жаздық жұмсақ бидайдың 35 сорты; жемазықтық дақылдардың 15 сорты, жармалық дақылдардың 14 сорты, майлы дақылдардың 7 сорты және көпжылдық шөптердің 27 сорты құрылды және енгізілді.

  Ақмола облысы бойынша жаздық бидай дақылдарының жалпы құрылымында А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО селекция сорттарының үлесі 2018 жылдан бастап ұлғайды және 2023 жылы — 67%, Солтүстік Қазақстан бойынша-23%, Қостанай облысында -9%, Қарағанды облысында-14-% құрады. Жаздық жұмсақ бидайдың Шортандинская улучшенная 95 және Астана сияқты сорттары 1 млн. гектардан астам аумаққа себіледі.

  Жыл сайын Ғылым мен өндірістің байланысы жақынырақ болады. Тікелей шаруашылықтарда демонстрациялық тәжірибелер мен өндірістік сынақтар салынады. Жыл сайын фермерлерге арналған ҒӨО ғалымдары 500-ден астам қатысушы қатысатын білімді тарату бойынша іс-шаралар өткізеді, Бұл онлайн және офлайн режимдегі ғылыми-практикалық семинарлар, вебинарлар және дала күндері. Орталық фермерлерге онлайн және серіктес шаруашылықтардың алқаптарына барып кеңес береді, өсімдік шаруашылығына ғылыми кеңес беруді және сүйемелдеуді, негізінен, АШӨО селекциясының ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын өсіруді жүзеге асырады.

 

скачать dle 12.0
1 975 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх