А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдары Қостанай облысындағы Дала күніне қатысты


Жаңалықтар

  25-26 шілдеде Қостанай облысының «Пономарев» ШҚ-да Дала күні өтті, онда қазақстандық және ресейлік селекцияның дәнді дақылдарының сорттары ұсынылды. Іс-шараға А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы орталығының селекционерлері, басқа отандық және шетелдік ғылыми ұйымдардың өкілдері және Солтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты.

 «Қазақстандық нарықты жаздық бидайдың отандық сорттарының элиталық тұқымдарымен қамтамасыз ету» DP21681698 ҒҒТҚН коммерцияландыру жөніндегі гранттық жобаның жетекшісі болып табылатын АШҒӨО ғалым-селекционері Бабкенов Адылхан Темірханұлы жаздық жұмсақ бидайдың Таймас жаңа сортының элиталық тұқымдарын өндіруге және іске асыруға бағытталған маңызды жобаның мақсаты мен міндеттері туралы жеткізді.

 Сонымен қатар, жоғары аталған шаруашылықтың егістігінде үлкен әлеуетке ие жаздық бидайдың Шортандинская 2012, Шортандинская 2014, Шортандинская 95 улучшенная, Дамсинская юбилейная, Дамсинская 20-17, Лавина сорттары ұсынылды.

  Кездесу барысында «А. И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС селекциясындағы бидай сорттарының Солтүстік Қазақстанда таралған басқа да коммерциялық сорттарға қарағанда артықшылықтары айтылды.

скачать dle 12.0
2 120 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх