А.И. Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдары Қостанай облысындағы егін жинау жұмыстарымен танысты


Жаңалықтар

  Солтүстік Қазақстанның егістік алқаптарында егін жинау науқаны күрделі ауа райы жағдайында өтуде. Биылғы жылы фермерлер ауыл шаруашылығы дақылдарынан өте жақсы өнім өсірді. Бірінші алаңдаушылық туғызатын жайт, әрине, егіннің пісуіне де, егін жинау қарқынына да әсер ететін жаңбырлы күз. Өткен аптада Қостанай облысына А. И. Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдар тобы Ақшалов К.А., Жұмабек Б., Байшоланов С. С. іс сапармен барды. Олар егіншілік саласындағы мемлекеттік бағдарламаның жауапты орындаушысы болып табылатын «Заречное» ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында болды. Кездесу барысында ғалымдар тәжірибе станциясының ғылыми зерттеулерімен танысып, бағдарлама мен ғылыми бағыттардың деңгейін егжей-тегжейлі талқылады. Бағдарлама жетекшісі Ю.Тулаев ағымдағы жылдың ғылыми нәтижелерімен таныстырды. Станцияның ғылыми зерттеулері ауыл шаруашылығы дақылдарының, ең алдымен майлы, бұршақ дақылдарының тұрақты өнімділігін арттыруға бағытталған. Станция ғалымдары облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен жақсы жұмыс жүргізуде.

  Ғалымдар бұл өңірде А. И. Бараев атындағы АШҒӨО-мен тығыз жұмыс жасайтын «Eurasia Farm Innovatios» ЖШС жұмысымен танысты. Бұл ұйымның жұмысы жаңа ғылыми технологиялық шешімдерді, ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын сынақтан өткізуге бағытталған. Бұл ұйым Канада ғалымдарымен зығыр, жасымық дақылдарын жинауға арналған жаңа құрылғыларды сынау бойынша белсенді жұмыс істейді. Ұйым басшысы К. С. Бисетаев құрғақшылық жағдайда, атап айтқанда, Беимбет Майлин ауданы және де Жітіқара мен Денисов аудандары егістік өнімділігін арттыру және ғылым мен өндірістің байланысын одан әрі нығайту идеяларымен бөлісті.

скачать dle 12.0
2 277 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх