Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың қатысуымен ауыл шаруашылығы кеңесі өтті


Жаңалықтар

  Бүгін Научный кентінде А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының базасында биылғы егін жинау науқанының қорытынды бойынша кеңес өтті. Іс-шара Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы Ахметжановтың төрағалығымен өңірдің ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өтті.

  Облыс әкімі орталықтың ғылыми ұжымы жұмысының нәтижелерін жоғары бағалап, кеңес өтетін орынды таңдау кездейсоқ емес екенін атап өтті. А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы, нақты егіншіліктің заманауи технологияларын және өзгермелі климаттық жағдайларға бейімделе алатын ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын жасайтын Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы жетекші ғылыми мекемесі болып табылады. Бұл ұрпақтар сабақтастығын сақтай отырып, аграрлық ғылымның ғылыми жетістіктері мен дәстүрлерін біріктіретін бірегей орын.

  Орталықтың Басқарма Төрағасы Тимур Савиннің облыстағы шаруашылықтарда сәтті қолданылып жатқан ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын таныстырған баяндамасы қатысушылардың қызығушылығын арттырды. Орталық ғалымдары фермерлерге биылғы жылы мол өнім алуға көмектескен озық агротехнологиялармен де бөлісті. Сондай-ақ, ауылшаруашылық білімдерін тарату бағдарламасы аясында өңірдегі фермерлермен ынтымақтастық белсенді түрде дами беретіні, Орталықтың соңғы жаңалықтары болашақ табыстарға жетуде шешуші рөл атқаратыны айтылды.

  Ауыл шаруашылығының майталманы — Социалистік Еңбек Ері, Көкшетау облысы «Комсомолдың 50 жылдығы» кеңшарының тракторлық-егістік бригадасының бұрынғы бригадирі Қадралин Есілбай Талкеұлының қатысуы шараға ерекше көңіл-күй сыйлады. Ол 1980 жылы академик, институттың бірінші директоры Александр Иванович Бараевпен бірге жоғары марапатқа ие болған. Осы бір мәнді дерек ғалымдар мен астық өсірушілер еңбегінің қаншалықты құнды болғанын және бүгінгі күні маңыздылығы артып келе жатқанын тағы бір мәрте айғақтайды.

  Өңірдегі ауыл шаруашылығының бүгінгі жетістіктері кешегі дәстүрдің жалғасын тауып келе жатқанын көрсетеді. «Родина» ЖШС басшысы Иван Сауэр сынды заманауи еңбеккерлер Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор үлес қосып, күнделікті еңбектерімен дәлелдеп келеді.

 Ауылшаруашылық кеңесі ғылым, инновация және практикалық тәжірибе ұштастырылуы Ақмола облысының және бүкіл Қазақстанның ауыл шаруашылығына жаңа перспективалар ашатынын айқын көрсетті.

скачать dle 12.0
190 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх