Бүгін Ақмола облысының "Дала күні" шарасы өтті
Жаңалықтар
Ауылшаруашылығы мерекесіне Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев қатысты.
Іс-шара барысында 2019 жылғы егін жинау жұмыстарын ұйымдастыру және науқанды сапалы жүргізудің дайындығы мен алдағы міндеттер талқыланды.
А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми орталығының нақты егіншілік полигонындағы, селекция учаскесінде ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары көрсетілді.
Мереке соңына қарай қатысушылар нақты егіншілік жүйесінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы техникаларымен, GPS-навигацияға арналған дифференциалды егу, тыңайтқыш енгізу және СҚА бүркудің борттық құрал-жабдықтарымен танысты.
959 -рет қаралды