Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Н.М. Әбдіров А.И. Бараев атындағы АШҒӨО болды
Жаңалықтар

Бүгін А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров келіп, ғалымдардың қызметімен және олардың жетістіктерімен танысып, ауыл шаруашылығын дамыту үшін атқарылып жатқан орасан зор жұмысы үшін алғысын білдірді.
Сонымен қатар, Нұрлан Мәжитұлы Шортанды ауданының ауыл жастарымен кездесу өткізді.
Оған сондай-ақ ОСК мүшелері, ОСК жанындағы Сараптамалық кеңестің өкілдері, облыс пен ауданның аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері, сондай-ақ Шортанды аудандық мәслихатының депутаттары қатысты.
Ауыл жастарымен әңгімені бастаған Нұрлан Мәжитұлы жиынға қатысушылардың назарын іс-шараны өткізу орны АШҒӨО кездейсоқ таңдалмағанына аударды, өйткені осыдан 70 жылға жуық уақыт бұрын республиканың ауыл шаруашылығын реформалау және көрнекті ғалымдардың тексерілген ғылыми әзірлемелерінің арқасында экологиялық апаттың алдын алу жөніндегі жаһандық бастамалар жүзеге асырыла бастады.
Бүгінгі таңда осы Орталық ғалымдарының ғылыми жетістіктері отандық аграрлық ғылымды ілгерілетуге ықпал етуді жалғастыруда, ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен енгізілген агротехнологиялар біздің ортақ үйімізде тұрақтылық пен әл-ауқатқа ықпал ететін АӨК әлеуетін арттыруға қызмет етеді.
Кездесу барысында Нұрлан Әбдіров жастарға сайлау процесінің өзекті мәселелері, соның ішінде халықаралық миссияларды байқау қорытындылары және сайлау заңнамасындағы өзгерістер туралы айтып берді. Сондай-ақ өңірлермен тікелей диалогтың маңыздылығына назар аударды. Іс — шараның басты мақсаты-жастардың құқықтық және сайлау мәдениетін арттыру, сайлауға жауапкершілікпен қарауды және сайлау институтына деген сенімді қалыптастыру.