Оқушы жастарға арналған экологиялық сабақтар ұйымдастырылды
Жаңалықтар

2025 жылғы 20 мамыр күні "А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС Шортанды кентінің № 1, 2 және 3 ОМ, Дамса және Степной ОМ, сондай-ақ Шортанды ауданының ғылыми кентінің орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдеріне экологиялық білім беру күніне орай экологиялық ашық сабақтар ұйымдастырды. "Ауыл шаруашылығында су ресурстарын және суды үнемдеу технологиясын ұтымды пайдалану" тақырыбында су үнемдеу технологиялары бойынша сарапшы Төлеген Базыкенов баяндама жасады.
Аталған іс-шара "Суармалы суға және инфрақұрылымға қол жеткізу арқылы Орталық Азияның ауылдық аудандарындағы әйелдердің экономикалық тәуелсіздігін арттыру және жағдайын жақсарту" жобасы шеңберінде өтті. Негізгі мақсат-суды пайдалану тиімділігін арттыру және су шығынын азайту, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру.
Орталық басшылығы Шортанды ауданының білім бөліміне оқушы жастарда экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша маңызды түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруға көмектескені үшін алғыс білдіреді.

62 -рет қаралды