Ауылшаруашылық жұмыстарының маусымы қызу жүріп жатыр


Жаңалықтар


А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО ғалымдары Ақмола облысының шаруашылықтарында 019 "Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасын іске асыруды белсенді жалғастыруда.


Бүгінгі таңда Ақмола облысының 6 шаруашылығындағы пилоттық танаптарда А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО ғалымдарының ғылыми сүйемелдеуімен топырақтың бастапқы құнарлылығын анықтау, егістік алқаптарын алдын ала зерттеу, жаңа технология бойынша өндірістік егістіктер жоспарын жасау бойынша жұмыстар жүргізілді, тұқымдық материалдар дайындалды, микробиологиялық зерттеу жүргізілді. Топырақты себу алдында, аралық өңдеу жүргізіліп, олардың тиімділігін анықтау үшін ылғалды жинау мен сақтаудың агротехникалық әдістері бойынша жұмыстар жүргізілді. Минералды тыңайтқыштарды қолдануды қоса алғанда, өндірістік тәжірибелер салынды.

Қазіргі уақытта вегетациялық кезеңде дақылдарды арамшөптерден, зиянкестерден және аурулардан қорғау бойынша жұмыстар жүргізіліп, жедел ұсыныстар берілуде.

Бұл бағдарлама Ақмола облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының қолдауымен жүзеге асырылады.


скачать dle 12.0
1 036 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх