АШҒӨО-да халықаралық жоба аясында тренинг өтті
Жаңалықтар

А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО базасында Шортанды ауданы тұрғындарының қатысуымен "Орталық Азияның ауылдық жерлеріндегі әйелдердің экономикалық тәуелсіздігін арттыру және жағдайын жақсарту" жобасы аясында тренинг өткізілді.

Тренингтің негізгі мақсаты – суды пайдалану тиімділігін арттыру және су шығынын азайту, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру, әйелдер мен жастардың фермерлік бизнес пен суаруды тиімді басқаруға мүмкіндіктерін кеңейту.

Тренингке қатысушыларды "А.И. Бараев атындағы АШҒОӨ" ЖШС Басқарма Төрағасы Савин Тимур жылы қарсы алып, жемісті жұмыс тіледі.
Тренинг тақырыптары келесі сұрақтарды қамтыды:
- "Су ресурстарын тиімді пайдаланудың заманауи әдістері мен технологиялары. Су үнемдеу технологияларын енгізу"
- "Ауыл шаруашылығының үздік тәжірибелері. Қосылған құн тізбегін дамыту"
- "Ауыл шаруашылығын басқару, өнімді әзірлеу, орау және брендинг саласындағы әйелдерге арналған көшбасшылық және келіссөздер дағдылары"
- "Қаржылық сауаттылық, әйелдердің қаржылық менеджмент пен несиелеу туралы түсінігін жақсарту мақсатында, бухгалтерлік есеп, маркетинг және сату сияқты бизнесті басқарудың негізгі дағдылары бойынша оқыту".
Тренинг Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығының қолдауымен өткізілді. Іс-шара соңында тренинг қатысушыларына сертификаттар табысталды.

110 -рет қаралды