А.И.Бараев атындағы АШҒӨО базасындағы фермерлік жәрмеңке


Жаңалықтар



Бүгін "А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС Шортанды ауданы әкімдігінің қолдауымен жұмысшы мамандықтар жылына арналған жоспарланған іс-шаралар, сондай-ақ "Суармалы су мен инфрақұрылымға қол жеткізу есебінен Орталық Азияның ауылдық жерлердегі әйелдердің экономикалық тәуелсіздігін арттыру және жағдайын жақсарту" халықаралық жобасы шеңберінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің фермерлік жәрмеңкесін ұйымдастырып, өткізді .

Іс-шараның негізгі мақсаты тұрғындардың экологиялық, табиғи азық-түлікке қол жеткізуі, ауыл шаруашылығы мамандықтарының қызметкерлерін, оның ішінде әйелдер мен жастарды фермерлік бизнесті тиімді басқаруда қолдау болып табылады. Өмір сүру сапасын жақсарту, оның ішінде экологиялық таза өнімдерді тұтынудың ұтымды тәсілі де маңызды.

Орталық басшылығы Шортанды аудандық әкімдігіне, кәсіпкерлік, мәдениет бөлімдеріне, Дамса, Петровский, Пригородный, Андреевка ауылдық округтерінің әкімдеріне аудан тұрғындары үшін осындай мазмұнды іс-шараларды ұйымдастыруға жәрдемдескені үшін алғыс білдіреді.
скачать dle 12.0
2 143 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх