А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-да француз серіктестерімен онлайн-кеңес өтті
Жаңалықтар

А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында халықаралық ынтымақтастық шеңберінде SAS Groupe Sommet (Франция) өкілдерінің қатысуымен онлайн-форматта техникалық кеңес өтті.
Кездесу барысында ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің бейімделген технологияларын пайдалану бойынша нақты танаптық жағдайларда сынақтар (ЭСИ типі бойынша мөлдекті сынақтар) жүргізе отырып, бірлескен жұмыстарды жоспарлау мәселелері талқыланды. Тараптар жұмыстарды орындау мерзімдері мен өзара іс-қимыл тәртібін айқындай отырып, 2026 жылға арналған іс-шаралардың кезеңдік жоспар-кестесін келісті.

"А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС Басқарма Төрағасы Бауыржан Калибаев Орталықтың 2026 жылға арналған қажеттіліктерді қалыптастыруды, француз текті жабдықтарды сатып алуды бірлесіп қаржыландыруды, сынақтар мен енгізу іс-шараларын жүргізуді, сондай-ақ жұмыс нәтижелері бойынша кері байланыс беруді қоса алғанда, FASEP жобасы шеңберінде әріптестік алаң болуға дайындығын растады.
Ынтымақтастық шеңберінде сынақтардың нәтижелерін көрсету, француз мамандары тарапынан сараптамалық сүйемелдеу, сондай-ақ жоба үйлестірушілерінің бастапқы кездесуін өткізу және қызметтің негізгі бағыттары бойынша жауапты тұлғаларды тағайындау көзделген.
76 -рет қаралды




















