А.И. Бараев атындағы АШҒӨО «ТҰҚЫМ-2026» конференциясында жетістіктерін таныстырып, жаңа меморандумдарға қол қойды


Жаңалықтар


А.И. Бараев атындағы АШҒӨО «ТҰҚЫМ КҮНІ «ТҰҚЫМ-2026» халықаралық конференция-контрактациясына қатысып, шетелдік және отандық селекционерлер мен тұқым шаруашылығы өкілдерінің, сарапшылардың, сондай-ақ әлемдік және қазақстандық тұқым шаруашылығы нарығындағы танымал компаниялардың басын қосқан іс-шарада өз жұмысын таныстырды.
Қатысушылар астық, бұршақ және майлы дақылдар тұқымдары нарығын дамыту перспективаларын талқылап, отандық тұқым шаруашылығы мен жалпы аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында пікір алмасты.


«А.И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС Басқарма Төрағасы Тимур Владимирович Савин орталықтың дәнді, жемдік, бұршақты, майлы және мал азықтық дақылдар селекциясы бағытындағы жетістіктерін таныстырды. Ол агробизнеспен өзара іс-қимылдағы кешенді тәсілдің маңыздылығын атап өтіп, жоғары өнімді сорттар мен АШҒӨО ғалымдары ғылыми-тәжірибелік зерттеулер аясында әзірлеген инновациялық агротехнологияларды енгізу негізінде тұқым шаруашылығының желісін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Жұмыс Ресей мен Беларусьтің жетекші шетелдік ғылыми орталықтарымен ынтымақтастықта жоғары деңгейде орындалды.

Конференция аясында «А.И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС атынан Басқарма Төрағасы Тимур Савин және SAS Groupe Sommet пен SAS Sommet de l’Elevage (Франция Республикасы) атынан FASEP халықаралық үйлестірушісі Кристиан Гено арасында өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.
Қол қойылған келісімдер Қазақстанда аралас ауыл шаруашылығы саласында FASEP бағдарламасы аясында «Жасыл экономика» демонстрациялық жобасын жүзеге асыру үшін серіктестік қатынастарды дамыту мен нығайтуға бағытталған. Тараптар Франция мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теңдік, өзара пайда және өзара көмек қағидаттарында ынтымақтастық туралы уағдаласты.
скачать dle 12.0
2 951 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх