А.И. Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдары Ақмола облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілермен тығыз байланыста


Жаңалықтар


Бұл күндері Ақмола облысында, бүкіл республикадағыдай, көктемгі дала жұмыстары науқаны қарқынды түрде жүргізілуде. Өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері жаппай егіс жұмыстарына кірісті. Жауапты аграрлық маусым қарсаңында А.И. Бараеватындағы АШҒӨО ғалымдары Ерейментау, Қорғалжын, Егіндікөл, Жарқайың, Зеренді, Атбасар, Шортанды және Біржан сал аудандарының аграрларшымен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді.
2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарын дайындау және өткізу мәселелері бойынша өткен өңірлік аграрлық кеңестерге егіншілік бөлімінің меңгерушісі Е.А. Утельбаев, зертхана меңгерушілері А.С. Кочоров, Б.Р. Ирмулатов, Б.Ж. Жанзаков, А.И. Курбанбаев, сондай-ақ аға ғылыми қызметкерлер Б.Б. Базарбаев, В.Н. Давыдова және Т.Б. Нелис қатысты.
Кездесулер барысында ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологиясының өзекті мәселелері, қазіргі ауа райы жағдайындағы егіс науқанын жүргізу ерекшеліктері, ылғалды сақтау, тыңайтқыштарды ұтымды пайдалану және өсімдіктерді қорғау мәселелері талқыланды. Фермерлер мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жаппай егіс жұмыстары басталар алдында білікті тәжірибелік ұсыныстар алу мүмкіндігіне ие болды.
Осындай өзара ынтымақтастықтың маңызы көктемгі егіс жұмыстары қызу жүріп жатқан қазіргі кезеңде айрықша артып отыр. Орталық ғалымдары облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарымен үздіксіз байланыс орнатып, өндірістік үдерістер барысында туындайтын мәселелер бойынша кеңестік әрі әдістемелік қолдау көрсетуді жалғастыруда. Ғылым мен агробизнес арасындағы жедел әрі тиімді байланыс ауа райының өзгерістеріне уақытылы бейімделуге, агротехнологиялық тәсілдерді нақтылауға және егіс науқаны кезінде оңтайлы шешімдер қабылдауға жол ашады.
Ғалымдар мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасындағы тығыз ынтымақтастықтың жыл сайынғы тәжірибесі ғылым мен өндіріс арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтуға, ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізудің тиімділігін арттыруға және өңірдің аграрлық секторына заманауи ғылыми ұсынымдарды енгізуге ықпал етеді.
скачать dle 12.0
45 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх