Аргентинаның АӨК мамандары Бараев орталығына келді


Жаңалықтар
Аргентиналық делегацияцияны бастап келген ҚР Ауыл шаруашылығы вице министрі Гүлмира Исаева.
Бүгін А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-на Аргентина ауыл шаруашылығы технологиялары Ұлттық институтының (INTA) мамандары іс сапармен келді.
Шетелдік қонақтар астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы ғимаратындағы өнім сапасын бағалауға арналған құрылғылармен жабдықталған заманауи зертхана мен нақты егіншілік жүйесіне бағытталған жобаларды басқару орталығының жұмысымен танысты.
Сонымен қатар шетелдік әріптестер орталықтың егіс даласында орналасқан тәжірибе алаңын аралап көрді.

Айта кетейік, бұған дейін аргентиналық делегация ҰАҒБО ҰАҚ кездесу өткізіп, ҚР АШМ министрлігінде екі ел арасындағы іскерлік байланысты нығайтуға арналған меморандумға қол қойған болатын.


скачать dle 12.0
1 027 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх