Еркекшөп қолмен орылды
Жаңалықтар
Бүгін А. И. Бараев атындағы АШҒӨО-да коллекциялық питомникте еркекшөпті қолмен жинау жүргізілді.



Ғалымдар еркекшөптің шетелдік және отандық селекцияның үлгілері мен сорттарын шаруашылық-құнды белгілеріне қарай зерттейді. Зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша үздік үлгілер Солтүстік Қазақстанда еркекшөптің жаңа сортын шығаруға пайдаланылатын болады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік сорт сынағынан кеңмасақты ТАН Батыр еркекшөптің жаңа сорты өтіп жатыр. Оны құнды шаруашылық белгілеріне қарап мал шаруашылығының жем-шөп базасын жақсарту мақсатында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының фермерлері кең қолданады. Сортты құруда тармасақты к-221-155 еркекшөбі популяциясының элиталық өсімдіктерімен қатар Ресей мен Қазақстанның экологиялық-географиялық шығу тегі әртүрлі еркекшөптің 20 ең үздік кеңмасақты түрі қолданылды.

Сорттың пісу деңгейі орташа, шабындық үшін пайдаланылады. Вегетациялық кезең-55-56 күн, пішенге жинау және тұқымға жинау кезі 104 күн, бұл стандартты сортқа арналған. Жапырақтардың құрамы 37,5% құрайды. Сорттың жасыл массасының өнімділігі орташа, бес жылда (2012-2016 жж.) 77,1 ц/га, құрғақ зат– 29,4 ц/га, тұқым – 2,32 ц/га құрады. Сорт суыққа және құрғақшылыққа жоғары төзімділігімен ерекшеленеді.
1 929 -рет қаралды