«Ишимский 13»- экологиялық жағынан ұтымды сорт


Ұсыныстар / Селекция
Авторлары: Н.Н. Слепкова, Г.В. Жлоба, Р.Н. Оковитая.
Жаздық сұлы сорты сатылы будандастыру арқылы алынған 1086Н гибридтік жиынтығынан жеке сұрыптау әдісімен жасалған, [Hudson x (Harmon х Синельниковский 14)]. Мутика түршесіне жатады. Тік өседі. Биіктігі — 73-108 см. Сіпсебасы бұтақшалары жоғары қарап, жайылыңқы болады, масақтары бүгіліңкі, қылқансыз. Дәні ашық жасыл реңкі бар ақ түсті, көлемі орташа-ірі. 1000 дәннің салмағы — 32,0-36,7 г.

Ишимский 13 сорты орташа мерзімде піседі, өсіп-өну кезеңі — 76-91 күн. Азық-түліктік және мал азығындық бағыттағы сорт. Құрғақшылыққа және құлап-жапырылуға төзімді, түрлі жағдайларға бейімделе алады, экологиялық жағынан ұтымды сорт. Сабаққа жасырынғыш зиянкестер және швед шыбынымен зақымдануы жағынан төзімді топқа жатады. Тозаңды қаракүйемен зақымдануы — стандарт деңгейінде.

Белок үлесі 13,44-17,58 пайыз, орташа алғанда, 15,07 пайыз болады, бұл Скакун стандартынан 1,0 пайызға жоғары. Байқау мақсатындағы сортсынағы кезінде жаңа сорттың түсімділігі 39,6 ц/га көрсеткішті құрады, бұл Скакун стандартынан 2,6 ц/га көрсеткішке жоғары.

Сорт Ақмола, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Мемлекеттік тізілімге енгізілген.
скачать dle 12.0
1 250 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх