«Думан» жазық сұлы сорты құлап-жапырылуға төзімді
Ұсыныстар / Селекция
Авторлары: Н.Н. Слепкова, Г.В. Жлоба, Р.Н. Оковитая, Н.А. Кравченко.


Сорттың жасалу әдісі — 1389 Н2 (Rodney x Крупнозерный) х Coker 716 (АҚШ) гибридтік жиынтығынан жеке-әулеттік сұрыптау. Мутика түршесіне жатады. 1000 дана дәннің салмағы — 32,0-36,2 г. Думан сорты орта мерзімде піседі, өсіп-өну кезеңі — 81-91 күн. Мал азығындық бағыттағы сорт. Құрғақшылыққа және құлап-жапырылуға төзімділігімен ерекшеленеді, түрлі жағдайларға бейімделгіш, экологиялық жағынан ұтымды сорт.
Сабаққа жасырынғыш зиянкестер және швед шыбынымен зақымдануы жағынан төзімді топқа жатады. Тозаңды қаракүйемен зақымдануы — стандарт деңгейінде.
Белок үлесі 13,77-15,71 пайыз, орташа алғанда, 14, 83 пайыз болады, ал Скакун стандартының көрсеткіші — 14,01 пайыз. Жаңа сорттың байқау мақсатындағы сортсынағы кезіндегі түсімділігі — 37,2 ц/га, бұл жағынан Скакун стандартының көрсеткіші — 34,3 ц/га, яғни Думан сортының артықшылығы 2,6 ц/га болды. Өндірістік сортсынағы кезінде өнімділігі 23,4 ц/га болатын Скакун стандартынан 4,4 ц/га көрсеткішке артық өнім берді.
1 857 -рет қаралды