«Антей» жаздық сұлы сорты- тік өседі


Ұсыныстар / Селекция
Авторлары: Н.А. Кравченко, Ж. А. Қасқарбаев, Н.Н. Слепкова, Г.В. Жлоба, Б.К. Қанафин, О.С. Гаас.
Антей жаздық сұлы сорты 1199Н2 Скакун х Eta гибридтік жиынтығынан жеке-әулеттік сұрыптау әдісі арқылы алынған. Мутика түршесіне жатады. Тік өседі, сабағы берік, іші қуыс, орташа биіктік пен қалыңдықта болады. Жапырағы жалпақ, білінер-білінбес ақшыл сұр қабаты бар. Сіпсебасы жайылыңқы, ашық сары бүгіліңкі масақтары бар, қылқансыз. Дәні орташа көлемде, ашық сары, ұзыншалау. 1000 дәннің салмағы — 32,2-33,5 г.

Орта мерзімде пісетін сорттар қатарына жатады (80-109 күн). Құрғақшылыққа төзімділігі стандарттан жоғары (пар айдалған алқапта және аңызда). Құлап-жапырылмайды. Бұл сорттың басты ерекшелігі — сабаққа жасырынғыш зиянкестерге төзімді. Антей сортының белок үлесі көрсеткіші — 14,4 пайыз, бұл стандарттан 0,8 пайызға жоғары.

Антей сортының түсімдік көрсеткіші — 34,8 ц/га. Өндірістік сортсынағында түсімділігі 22,7 ц/га болды. Сорт Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Мемлекеттік тізілімге енгізілген.
скачать dle 12.0
1 640 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх